• Авторлық қадағалау құрылыстың барлық кезеңінде жүргізіледі - құрылыс жұмыстарының басталуынан бастап аяқталған нысандарды іске қосқанға дейін. Кейде ол нысанның жұмыс істеуінің бастапқы кезеңдерінде де жалғасады.
  • ҚР "Архитектура, қала құрылыс және құрылыстық қызметі туралы "Заңының 34 б. 1 т. Сәйкес Қазақстандағы авторлық қадағалауды меншіктік түрлеріне қарамастан құрылыстың барлық нысандарында жобалық құжаттаманы жасақтаушылар жүргізеді.

Авторлық қадағалау

 

Құрылыстағы авторлық қадағалау жобалық сметалық құжаттамамен қарастырылған жобалық шешімдердің құрылыс монтаждық жұмыстарға сәйкестігін сақтау бойынша жоба авторының бақылауы болып табылады. Жобалық сметалық құжаттамадан негізі жоқ ауытқулар құрылыстың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуінің бұзылуына әкелуі мүмкін. сондықтан авторлық қадағалау құрылыс нысанының іске қосылатынының, ал оның сипаттамаларының инвестициялық жоспарға сайболатынының кепілі болады.

 

Авторлық қадағалауды мыналарға қатысты жүргізеді:

  • құрылыс нысандары
  • материалдар мен құрал жабдықтар
  • құрылыс-монтаж жұмыстары
  • сатып алу бойынша құжаттамалар
  • конструктивтік элементтер мен жүйелер
  • атқарушы және сметалық құжаттама

Авторлық қадағалаудың негізгі міндеттері мынаған бағытталған:

  • құрылыс технологиясының сақталуы
  • жобалық мәндерге қол жеткізу
  • құжаттамалардың дәлдігі
  • рұқсат берілген материалдар мен құрал жабдықтарды қолдану
  • жеткізу сапасы

АВТОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ПРОЦЕСІ

Қазақстан Республикасындағы құрылысқа авторлық қадағалау жүргізуге мынадай шаралар кіреді:

  • Авторлық қадағалау қажеттілігін құрылысшы немесе техникалық тапсырыс берушінің анықтауы
  • Құрылысшы мен бас жобалаушының арасында келісім шарт жасау
  • Авторлық қадағалау құжаттарын дайындау
  • Бас жобалаушының авторлық қадағалау топтарын қалыптастыруы
  • Жұмыс нәтижесін тексеру үшін нысанға жоспарлы сапарлар
  • Барлық бекітілген сызбалар мен эскиздер бойынша құрылысшылардың кеңесі
  • Қажет түзетулер енгізу керек болған жағдайда Тапсырыс берушінің келісімімен жобаға өзгерістер енгізу
  • Жобаның орындалуын алшақтан бақылау
  • Құрылыс және жөндеумен байланысты кез келген мәселе бойынша Тапсырыс берушіге кеңес беру

 

Авторлық қадағалау құрылыстың соңында қорытындыланады: құрылыс нысанын куәландырудың қорытынды актілері жасалады, авторлық қадағалау журналында қорытынды жазбалар ресімделеді.

 

Қазақстандағы авторлық қадағалау қызметінің бағасы "Кәсіпорын, ғимарат, құрылысы және оның күрделі жөндеуін жобау жасақтаушыларының авторлық қадағалауы туралы ереже" 1.03-03-2010 ҚНжЕ реттеледі.

ҚР ҚҰРЫЛЫСТА АВТОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУДЫҢ БАҒАСЫ ҚАНША

Құрылысқа авторлық қадағалау жүргізуге кететін шығынның көлемі құрылыстың базистік сметалық құнынан алынатын пайызбен көрсетілетін, бекітілген нормалармен анықталады.

 

⇒   құрылыс жобасының сметалық бағасының 0,2%

 

Авторлық қадағалауды жүзеге асыру шығындарының сметасында мыналар ескеріледі:

  • авторлық қадағалауды орындаушыларға бекітілген еңбекақы бойынша жалақы
  • өзге тікелей шығындар
  • жолақысын қоса алғанда іссапарлар бойынша шығындар
  • пайыздық көрсеткіштегі үстеме шығындар
  • РҚР заңнамалық органдарымен бекітілген міндетті төлемдер

     

    KPSP жобалық институтының сарапшыларының құрылысқа авторлық қадағалауды жүргізуде біліктілігі жоғары және тәжірибесі мол.

    АВТОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ БАЙ ТӘЖІРИБЕСІ

    KPSP мамандары құрылыстың авторлық қадағалауын жасаған негізгі нысандар:

    • "Құрық кемежайындағы паром кешені, Маңғыстау обл. Тапсырыс беруші: "Қазақстан Темір жолы" ҰК" АҚ
    • Көлік-логистикалық орталық, Астана қ. Тапсырыс беруші: «Continental Logistics» ЖШС
    • 4 су даярлау жаңа кешені, Теміртау қ. Тапсырыс беруші: «АрселорМиттал Темиртау» АҚ.
    • Жайрем таукен байыту комбинаты, Қарағанды обл. Тапсырыс беруші: Engineering Dobersek GmbH
    • Цемент зауыты, Маңғыстау обл. Тапсырыс беруші: «КаспийЦемент» ЖШС және «CDI»
    • Темірбетон өнімдерінің зауыты, Астана қ.  Тапсырыс беруші: «АБК-Максат» ЖШС
    • Қарағанды ЖЭЦ-3, Қарағанды қ. Тапсырыс беруші: «Караганда Энергоцентр» ЖШС
    • Цемент зауыты, Ақмола обл. Тапсырыс беруші: «BI-Сement» ЖШС
    • Оттегі станциясы, Теміртау қ. Тапсырыс беруші: «Линде Газ Казахстан» ЖШС
    • Цемент зауыты, Рудный қ.  Тапсырыс беруші: «Рудненский цементный завод» ЖШС
    • «Шаңырақ» жұмысшылар ауылы, Атырау обл. Тапсырыс беруші: «Тенгизшевройл» ЖШС