• Жобалауға берілген лицензия - 1 санат
  • Тау кен, мұнай химия, химиялық, мұнай газ өңдеу өндірістерінің технологияларын жобалау мен сараптауға берілетін лицензия
  • ҚОҚ саласындағы жұмыстарды атқаруға берілетін лицензия
  • Ресей Федерация аумағында жобалауға берілетін рұқсат
  • Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстарды атқару құқығына берілетін аттестат

Бас жобалаушының қызметтері

KPSP жобалық институты осы саладағы көпжылдық бірегей тәжірибесіне сүйене отырып, өнеркәсіптік және азаматтық нысандарды бас жобалауды жүзеге асырады.

 

Өнеркәсіптік, сонымен қатар өнеркәсіптік емес мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды басты жобалауға жобаалды және жобалық жұмыстарды басқару циклы, жобалау мен құрылыс кезінде өзгерістер енгізуге бақылау жүргізу, сонымен қаар құрылыс кезінде жобаның шарттарын сақтауды қадағалау кіреді.

 

  • Бас жобалаушының жұмысының сапасына құрылыстың барлық жобасының техникалық деңгейі мен экономикалық тиімділігі байланысты.
  • Бас жобалаушы нысанның іске қосылғанына дейін құрылыс бойынша бас мердігермен бірге жобаны жүзеге асыруға жауапты болады.

Компаниядағы жобалардың бас инженерлері жобаларды басқаруда мүмкіндіктері аса жоғары, бұл құрылыстың күрделі салаларында жұмыстарымен дәлелденеді. Мысалы:

  • Құрық кемежайындағы паром кешенінің құрылысының жобасы
  • Жайрем ТКБК құрылысының жобасы
  • Жағармай материалдарын өндіретін Лукойл зауытының құрылысының жобасы
  • Прақатық шыны зауытының құрылысының жобасы
  • АрселорМиттал Теміртау алаңында оттегі станциясының құрылысының жобасы және т.б.

KPSP БАС ЖОБАЛАРЫ: ИНЖЕНЕРЛІК ЖӘНЕ БИЗНЕС-ТӘСІЛДІҢ ЖИЫНТЫҒЫ

Жобалық институттың мамандары ТҮ БАП, БӨҚжА саласындағы заманауи сандық шешімдер мен құрал жабдықтарды жобаға енгізу мүмкіндігі бойынша мейлінше заманауи және тиімді конструкторлық шешімдерді жасақтайды.

 

Жобаның негізіне салынатын шешімдердің сипаты үнемі жүйелі, қауіпсіздік және энергия үнемдеу, келешектігі және экономикалық тиімділігі мәселесін ескереді.

 

KPSP-ның тапсырыс берушілері үшін -аффилиат-компаниялар, немесе оның стратегиялық серіктестері ұсынатын шешімдер үлкен бонус болмақ, себебі олардың сауда және өндірістік саясаты құрамына жобалық институт енетін холдингтің менеджментімен үйлестіріледі, бұл KPSP тапсырыс берушілеріне жабдықтау және қызмет көрсету саласында ұзақмерзімді бірлескен жұмыстың кепілдендірілген және икемді шарттар ұсынуға мүмкіндік береді.

 

Мұндай сатып алулардың артықшылықтары:

  • құрал жабдықтарды өндірушілер мен интеграторлармен серіктестің толық болжамдылығы
  • жобалардың бастапқы кезеңдерінде сатып алу жұмыстарын бастау мүмкіндігі
  • жобалаудың бастапқы кезеңінде жеке БАЖ, ІТ-шешімдерді жасақтауды бастау мүмкіндігі
  • KPSP тапсырыс берушілерінде мәміленің коммерциялық шарттарында бірқатар жеңілдіктер бар
  • Eurasia Commerce сауда үйінен ірі келісім шарттар кезінде тікелей қосылған құнды бірлесіп қаржыландыруды алу мүмкіндігі
  • тапсырыс берушіге ұсынылатын құрал жабдықтар заманауи талаптарың ауқымды тізіміне жауап береді, өз нарығында бәсекелестігі жоғары
  • құрал жабдықтардың эксплуатациялық сипаттамасы жіті зерттелген, бұл алдағы уақыттағы жобаның техникалық қатерлерін болдырмайды

ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫ БАСТЫ ЖОБАЛАУ

KPSP жобалық институты басты жобалаушы болып табылады, сонымен қатар іргетасы қаланған күннен бастап, яғни 58 жыл қатарынан өнеркәсіптік мақсаттағы нысандардың құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын кешенді түрде жасақтайды. Жобалаудың бұл облысы салаларға сай тар бағытталған, олардың әрқайсысында тек нақты жобалық ұйымдар ғана қызмет етеді.

 

KPSP бүкіл әлем бойынша ауқымды серіктестік желілеріне ие бола отырып, жобаны жүзеге асыру шарттарына инновациялар мен технологияларды бейімдеп, жобаның технологиялық бөлігін жасақтау үшін алдыңғы қатарлы компанияларды тартады.

 

KPSP-ның келесі салаларда жобалау  тәжірибесі көлемді:

  • Металлургия: қара және түсті металлургия
  • Машина жасау және құрал жабдықтар: жалпы машина жасау, метал бұйымдар мен дайындамаларды өндіру
  • Мұнай газ саласы: өндіру, магистралды және кәсіптік тасымалдау, сақтау және өңдеу
  • Тау кен саласы: өндіруі мен байыту, қалдық қоймалар
  • Химия өнеркәсібі: глифоваттар, фосфор, сода және т.б.
  • Жағармай-энергетикалық кешені: жағармай өнеркәсібі, электроэнергетика, тасымалдау және электр энергиясын тарату
  • Құрылыс материалдарының өнеркәсібі: цемент, шыны, өнеркәсіптік газдар
  • Ауыл шаруашылығы: сақтау мен өңдеу
  • Көлік инфрақұрылымы: авто және темір жолдар, термикалдық нысандар, көлік-логистикалық кешендер, теңіз және өзен тасымалының инфрақұрылымы (кемежайлар), теміржол және әуевокзалдары

Бас жобалаушыға жобалау кезіндегі барлық тәуекелдер артылады, бұл инвестор үшін үлкен артықшылық болып табылады:

 

  • жобалық жұмыстарды орындау мерзімі бойынша тәуекелдер
  • барлық жобалық жұмыстардың көлемі мен құнын бағалау бойынша тәуекелдер
  • қосалқы мердігерлік жобалық және жобалық-зерттеу компанияларының қателесу тәуекелдері
  • жаңа технологиялар мен құрал жабдықтарды пайдалану тәуекелдері

ЖОБАНЫҢ ТИІМДІЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ ЖОБАЛАУШЫНЫҢ РӨЛІ

Құрылыста жобаны жүзеге асыру мерзімі 5, 7 жылдан асуы мүмкін болғандықтан, инвестициялық тәуекелдердің рөлі маңызды орын алады. Құырылыс жобасының соңғы құнының тәуекелдері жобалаушы ұйымның жауапкершілігіне алынбаса да, олардың негізі тұжырымдама мен жобалауды жасақтау кезеңінде қаланады.

 

БАҒАНЫ БАСҚАРУ

 

Инвесторға KPSP сынды жоғары құзіретті бас жобалаушының сенімді серіктесі болғаны абзал, себебі жобалау кезіндегі оның білікті бақылауынсыз мен жобаны жүзеге асыру кезіндегі болуы мүмкін өзгерістерді жобаға дер кезінде енгізуінсіз, бастапқы кезеңде жоспарланған тиімділік көрсеткіштерін ұстану мүмкін болып көрінбейді.

 

ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ

 

Құрылыс жобаларында өзгерістерді енгізу уақыты қабылданатын шаралардың қаржылық тиімділігіне тікелей әсер етеді. Бастапқы тұжырымдаманы өзгерту қажеттілігінің ертерек анықталуы бұл өзгерістердің бағасын біршама төмендетеді. Міне, сондықтан әдеттегі техникалық қадағалаудан бөлек сүйемелдеуші консалтингтік қолдау нысанның болашақтағы тиімділігін арттырып, инвесторлар үшін тәуекел-менеджментінің негізі бола отырып, тек қана жоғары тәуекелді секторларға арналған қосымша қызмет болудан қалды.

БАС ЖОБАЛАУШЫНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІК АУМАҚТАРЫ

1. Жобалауға берілген тапсырманы құру кезіндегі консалтинг

 

2. Жобалауға арналған бастапқы мәліметтерді жинауда тапсырыс берушіге ақыл кеңес беру немесе қызметтің бөлек түрі ретінде бастапқы мәліметтерді дайындау

 

3. Жұмыс жоспарын жасақтау: жобалау жұмыстары, жобалау кезеңдерінің көлемі мен құны

 

4. Кешенді жобалау. Қауіпсіздікті сақтау мен мемлекеттік нормативтік құжаттарды сақтау жауапкершілігін ескере отырып, мейлінше тиімді және заманауи конструкторлық және технологиялық шешімдерді іздеу

 

5. Қажет болған жағдайда төменде көрсетілген қызметтер енетін жобалау кезеңіндегі жобалау менедж менті:

 

  • Жобалау құжаттамасының бөлек тарауларын жасақтау үшін тар мамандандырылған (қосалқы мердігер) жобалық ұйымдарды тарту
  • Қосалқы мердігер жобалық ұйымдарға тапсырмаларды дайындау мен беру, үйлестіру мен бақылау
  • Жобалық шешімдерді өзара байланыстыру. Жобаның архитектуралық-құрылыстық және технологиялық бөліктерінің арасындағы сәйкестікті қамтамасыз ету

 

6. Жобалық-сметалық құжаттаманы толық жинақтау және оң шешімді алғанға дейін жобалардың Мемлекеттік сараптамасынан өткендегі сүйемелдеу

 

7. Консалтинг және технологиялық, инженерлік құрал жабдықттарды таңдау

 

8. Құрылысқа авторлық қадағалау жүргізу

 

9. Құрылыс кезінде жобаның шарттарын сақтауды бақылау. Жобалық-сметалық құжаттамаға енгізілген өзгерістерді жобалардың Мемлекеттік сараптамасымен келістіру

 

10. Сыртқы инженерлік желілерге қосу

 

11. Нысанды іске қосуға қатысу