• Қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстар атқаруға берілген бас лицензия №01086Р 2007 жылдың 9 тамызы

Экологиялық жобалау мен нормаландыру

 

Экологиялық жобалау мен нормаландыру - құрамына кәсіпорынның қоршаған ортаға әсерінің сараптамасын, болжамын, негіздемесін, жоспарлауы мен бағалауы кіретін табиғатты қорғау бойынша қажет пакетті жасақтау бойынша қызметтер кешені.

 

Экологиялық жобалау құжаттамаларды жасақтау, қоршаған ортаға әсер ету факторларының сараптамасы, сонымен қатар экологиялық жағдайларға теріс әсерді азайту бойынша нұсқаулықтарды қарастырады. Жобалық құжаттама мемлекеттік бақылау органдарынан тексерістен өтеді, оның нәтижесінде кәсіпорын бекітілген рұқсаттар мен құжаттарды алады.

KPSP компаниясында экологиялық жобаларды жасақтау саласындағы жұмыс өтілі 15 жылдан астам мерзімді құрайтын жоғары білікті инженер-экологтар жұмыс істейді.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Экологиялық жобалау саласындағы негізгі бағыттар:

  • Экологиялық және өзге де салдарды анықтау
  • Жобалаудың барлық кезеңдеріне арналған қоршаған ортаға әсерді бағалау
  • Қоршаған ортаны сауықтыру бойынша ұсыныстарды даярлау
  • Табиғи экологиялық жүйе мен табиғи ресурстарды жою, деградациялау, бұзу және аздырудың алдын алу

 

Экологиялық жобалау мен нормаландыруға келесі тараулар кіреді:

  • Қоршаған ортаны қорғау
  • Қоршаған ортаға әсерді бағалау
  • Шекті рұқсат етілген шығарылымдар мен тасталымдардың жобаларын жасақтау
  • Қалдықтардың түзілуінің нормативтері мен оларды орналастыру лимиттерінің жобасы
  • Өндірістік экологиялық қадағалау
  • Қалдықтарды басқару бағдарламасы
  • Табиғатты қорғау шараларының жоспары
  • Парниктік газдардың көздерін инвентаризациялау
  • Кәсіпорынға арналған санитарлық-қорғау қондырғыларының жобасын жасақтау
  • Ауыз сумен қамту көздерін санитарлық қорғау аумағы

 

Өндірістік қызметті жүзеге асырған кезде ҚОӘБ рәсімінен өту қажеттілігі ҚР Экологиялық Кодексінің 36 бабы 1 б қарастырылған

ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІН БАҒАЛАУ

ҚОӘБ жобасын жасақтау жобалық құжаттаманың міндетті тарауы болып табылады. Бұл тарауда кәсіпорын өндірісінің ауа, су және топыраққа беретін барлық әсерлері сипатталады. ҚОӘБ өткізудің бмақсаты - кәсіпорынның алдағы жұмысының қоршаған ортаға әсерін, оған байланысты экологиялық, әлеуметтік және өзге салдарды болдырмау немесе жұмсарту.

 

ҚОӘБ облысындағы KPSP компаниясының қызметі:

  • Мақсатты қызметті жүзеге асыру кезіндегі қоршаған ортаға берілетін әсердің факторлары мен түрлерін алдын ала бағалау
  • Қоршаған ортаға болжалды әсердің сипаттамасын анықтау
  • Қоршаған ортаға қалдықты әсер мен оның салдарының маңызын бағалау
  • Теріс әсерді азайту, жұмсарту және болдырмау бойынша шараларды анықтау
  • Жобаны жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаның өзгерістерін үнемі бақылауды ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды дайындау

 

 

KPSP жобалық институты өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы кез келген күрделілік деңгейі бар нысандардың экологиялық жобалауы мен нормаландыруын жасайды.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ НОРМАЛАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕ

Соңғы жылдардағы ҚОӘБ тарауындағы мейлінше күрделі жұмыс деп келесі жобалардың аясында атқарылған қызметтерді айтуға болады:

  • "Жайрем тау-кен байыту комбинаты. Жайрем полиметалдары. Әрекеттегі өндірісті жаңғырту. Жобаға мыналар кіреді:

-   Жылына 5 млн тонна руда өндіретін байыту фабрикасы,

-   Байыту фабрикасының инфрақұрылымы,

-   Қалдық қойма.

 

  • "Құрық кемежайындағы паром кешенінің құрылысы және әмбебап жүк-жолаушы паромдарының эксплуатациясы. Екінші іске қосу кешені".

Бүгінде жоба мемлекеттік сараптамаға ұсынылды. Кемежай Батыс Қазақстан облысындағы Каспий теңізінің жағалауы арқылы салынған Транскаспийлік халықаралық көлік маршрутының негізгі бөлігі болып табылады.