• Мекенжай: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ, Дінмұхамед Қонаев к, 29/1, e-mail: press@kpsp.kz

FORBES KAZAKHSTAN нұсқасы бойынша Қазақстанның жедел дамыған 25 үздік компанияларының ішінде KPSP 10 орынды иеленді

"Қарағанды Промстройпроект" институты" ЖШС (қазір KPSP) Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша Қазақстанның жедел дамыған 25 үздік компанияларының ішінде 10 орынды иеленді.

Өткен жылы 25 үздік жылдам дамыған компаниялардың құрамының жартысынан астамы жаңарды. ҰІӨ-нің өсу жылдамдығы 2014 жылы 4,1 пайыздан 2015 жылы 1,2 пайыщға төмендеді. 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл тенденция сақталды - Қазақстан бойынша жазғы баяндамада мәлімдеген  Бүкіләлемдік Банктің мәліментіден қаңтардан мамырға дейін 5 ай ішінде елдің ҰІӨ 0,2 пайызға қысқартылды (өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда). Ұлттық валютаның екі есе шамасындағы девальвациясы ішкі сұраныс немесе валюталары төмендеген ЕАЭО елдеріне экспорттауға бағытталған жеке компанияларға қатты әсер етті. Жеке сектордың ҰІӨ үлесі ББ мәліметі бойынша 2013 жылмен салыстырғанда 2 есе қысқарды, ал біз рейтингіде мемлекеттің қатысуымен құрылған компанияларды қарастырмаймыз.

 

Сонда да, рейтингіден шыққан көшбасшылардың орнына өз уақытында төмен шикізат бағаларына тәуелсіз саланы таңдаған өзге жылдам дамыған компаниялар келуде. Расында, егер өткен жылғы 25 үздіктермен салыстырсақ, көрсеткіштер төмендеген. Егер 2011-2014 жылғы компанияның көрсеткіштері бағаланған 2015 жылдың рейтингінде 2014 жылға орташа пайда 46 млрд теңгені құраса, 2012-2015 нәтижелері бойынша компанияларды бағалайтын ағымдағы рейтингіде 2015 жылдың орташа пайдасы 28 млрд теңгені құрады. Бұрынғылардың орнына келген компаниялар соңғы үш жылда орташа алғанда пайданың  134 пайызға өсуін көрсетске, алдындағы құрамның тек 86 пайызды көрсеткенін ескеру керек.   

 

Оптимизмге негіз бар - бағалай отырсақ, қазақстандық экономика мұнайдың төмен бағасының ұзақмерзімді цикліне бейімделіп алды.

 

Рейтингі үшін компаниялар төмендегі шамалар бойынша іріктеп алынды:

  • Қазақстанда тіркеліп, қызмет етіп, орналасуы қажет;
  • 4 жылдан астам жұмыс істейтін (сарапталатын кезең - 2012-2015 жж);
  • шетелдік меншік иелерінің қатысу үлесі - 50  пайыздан артық емес
  • базалық, 2012 жылғажылдық табыс/сауда/пайданың минималды деңгейі 45 млн теңгеден кем емес
  • 2015 жылдағы табыс/пайданың базалық жылға қатысты өсімі 50 пайыздан кем емес
  • компанияның табысының құрылымында бір тұтынушы немесе компания топтарына шоғырлануы 50 пайыздан аспауы керек.

 

Осы талаптарға сай болуының негізінде лонг-парақ құралды. Қосымша сарапталатын кезеңдегі қызметтері саны туралы мәлімет сұратылды. Рейтингтегі орында компаниялардың 2012-2015 жылғы табыстарының өму жылдамдығы бойынша берілді.

 

Қазақстанның 25-үздік жылдам дамыған компаниялары - 2016:

 

1. «Real Estate & Construction Group» ЖШС
2. «Qazaq Banki» АҚ
3. «Банк «Bank RBK» АҚ
4. «Аква-Арасан» ЖШС
5. «AsiaCredit Bank» АҚ
6. «Chocofamily Holding» ЖШС
7. «Inform Consulting» ЖШС
8. «Страховая компания «Казахмыс» АҚ
9. «Банк Астаны» АҚ
10. «Институт Карагандинский промстройпроект» ЖШС
11. «Bank Kassa Nova» АҚ
12. «Delta Bank» АҚ
13. «Ак Ниет» ЖШС
14. «Кредитное товарищество «Орда Кредит» ЖШС
15. «Цеснабанк» АҚ
16. «Служба инкассации «КазИнкас» ЖШС
17. «Magnum Cash&Carry» ЖШС
18. «Страховая компания «Лондон-Алматы» АҚ
19. «Адем-Жан» ЖШС
20. «Инвестиционный финансовый дом RESMI» АҚ
21. «Казинвестбанк» АҚ
22. «СК Стандард» АҚ
23. «Kaspi Bank» АҚ
24. «АзияАгроФуд» АҚ
25. «Astel» АҚ

 

Ақпарат көзі: https://forbes.kz