KPSP жобалық институтының INTESSA Group инжинирингтік холдингінің құрамына кіреді.

 

INTESSA Group ресми сайты:

Холдинг

INTESSA Group 2016 жылы KPSP жобалық институтының құрылтайшыларымен оның жұмысының бағытын әртараптандыру мақсатында құрылды. Қазіргі таңда холдингтің әрбір бағыты инновациялық болып табылады.

 

  • Құрылысты жобалау мен құрылысты басқару бизнесі арқылы жаңа технологияларды пайдаланатын тиімділігі жоғары жаңа өндірістер мен нысандар жасалады.
  • Шетелден шығарылған құрал жабдықтарды жеткізу және соңғы технологиялық жасақтамаларды қолданатын жеке өндіріс арқылы жаңа технологиялардың трансфері жүзеге асырылады.
  • Инновациялық сандық технологияларды біріктіру арқылы өнеркәсіп пен бизнес үрдістердің, қоғам мен мемлекеттің тірлігінің қауіпсіздігі мен қолайлылығы арта түседі.

Ресей нарығына құрал-жабдықтар мен инженерлік сервистерді жеткізуде компаниялардың стратегиялық және үлестес серіктесң болып қызметі холдингтің менеджментімен бақылауға алынған Eurasia Commerce инжинирингтік компаниясы табылады.

INTESSA Group стратегиясы

Негізгі басымдылығы жоғары технологиялық салаларға инвестиция, алдыңғы қатарлы инженерлік идеяларды тудыру және жаңа өнімдер: технология, құрал жабдықтар, өндірістерді құру болып табылатын бірегей халықаралық инжинирингтік холдингті құру.

Жобалау мен инжиниринг саласын өкілі болып табылатын KPSP жобалық институтына басқа холдингке енген компаниялар елдің экономикасын дамытатын маңызды бағыттарды қамтиды:

  • Жобалау және инжиниринг
  • Құрылыс
  • Машина құрылысы мен құрал-жабдықтарды шығару
  • Автоматтандыру
  • АКТ

ӨНДІРІСТІК ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРДЫ ШЫҒАРУ МЕН ЖЕТКІЗУ

Өндірістік арматураның Өскемен зауыты

 

Қазақстанның тұрба құбырының арматурасы және мұнай өнеркәсібі құрал-жабдықтарын шығаратын ірі машина жасау кәсіпорынының бірі. "Өндірістік арматураның Өскемен зауыты" АҚ-ы 2013 жылдың қаңтарында іске қосылды.

 

Зауыт өнімін пайдалану саласы - мұнай газ өндіретін өнеркәсіп кәсіпорындары, магистралды мұнай және газ тұрба құбырлары, тасымалдайтын стансалар мен резервуар парктарының технологиялық сыхбалары, энергетикалық кешен, сумен қамту және т.б.

 

www.uzpa.kz

 

 

INTESSA Technologies

 

Технологиялық және инженерлік құрал-жабдықтардың жетекші брендтерінің ресми дистрибьюторы. Компанияның инженерлік әлеуеті құрал-жабдықтарды біріктіру бойынша барлық қызмет кешенін жүзеге асыруға мүмкіндік береді: жобалау кезеңінен бастап келешектегі техникалық қызмет көрсетумен қатар іске қосу үрдісіне дейін.

 

    ҚҰРЫЛЫС ПЕН ИНДУСТРИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР

    Eurasia Engineering & Construction

     

    Жобалау, құрылыс және технологиялық үрдістерді толық автоматтандыру саласында қызметтердің түгел кешенін ұсынатын заманауи инженерлік-жобалық компания. Eurasia Engineering & Construction ЖШС "Қарағанды Промстройпроект институты" ЖШС және "Sicim S.p.A" итальяндық құрылыс холдингімен бірлескен компания болып табылады.

     

     

    KPSP Lab. 

     

    KPSP Lab. Компаниясы келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді:

    • Құрылысқа арналған инженерлік-геологиялық зерттеулер
    • Құрылысқа арналған геодезиялық зерттеулер
    • Ғимараттар мен құрылыстардың техникалық зерттеуі
    • Құрылыс материалдарын сынау мен сертификаттау

    АВТОМАТТАНДЫРУ

    NOVATECH Corporation

     

    Азаматтық және өнеркәсіптік секторға арналған жоғарытехнологиялық БӨҚжА  құрал-жабдықтарын жеткізетін, сонымен қатар кепілдік және кепілдік мерзімнен кейінгі қызмет, құрал-жабдықтарды монтаждау мен іске қосу бойынша кәсіби қызмет көрсететін сауда компаниясы.

     

    www.novatech.kz

     

     

    АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

    SecureTech Corporation

     

    Мемлекет, ұйымдар, кәсіпорындар және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында жұмыс атқаратын инжинирингтік компания.

     

    Компания Қазақстанның барлық аумағына жоғары технологиялық құрал-жабдықтарды жеткіху, монтаждау мен сервистік қызмет көрсету, ІТ-шешімдерді үйлестіре отырып, қауіпсіздік және сәйкестендіру саласында кешенді шешімдерді енгізуде қызмет етеді.

     

    www.securetechcorporation.com

     

     

    TransInfoTech

     

    TransInfoTech компаниясы көлік-логистикалық және мемлекеттік секторға арналған сараптамалық-ақпараттық жүйелерді (САЖ) жасақтау, біріктіру және қызмет көрсету саласында қызмет етеді. Компания нарықта 2011 жылдан бастап жұмыс істейді және оның Ресей, Қазақстан және Швейцарияда өкілдіктері бар.

     

    Қазіргі таңда TransInfoTech компаниясы әуе жүк тасымалы кезіндегі электронды құжат айналымды автоматтандыру және стандарттау бойынша бірден бір шешім - e-Freight ақпараттық жүйесін жасақтау және енгізуде қызмет етуде. Енгізілетін САЖ ІАТА әуе көлігінің Халықаралық ассоциациясы ұсынған e-Freight электронды жүкқұжатының халықаралық стандартын пайдаланады.

     

    www.transinfo.tech