Бөлімше:

KPSP LAB.

 

 

Зерттеу жұмыстарын жүргізуге берілетін 2015 жылдың 11 қазанындағы №15019961 мемлекеттік лицензиясы (ажыратылмайтын, 1 класс).

 

KPSP Lab. Мыналар бойынша жұмыстардың толық кешенін жүргізеді:

  • инженерлік-геологиялық зерттеулер,
  • топогеодезиялық зерттеулер,
  • құрылыстық конструкцияларды техникалық зерттеулер,
  • құрылыс материалдарының сынаулары мен сертификаттауы.

Инженерлік-геологиялық зерттеулер

Құрылыстың бастапқы кезеңдерінде зерттелетін учаскеге тән ерекшеліктерді анықтауға қажет кәсіби инженерлік-геологиялық зерттеулерді жүргізген маңызды. Зерттеулер барысында нәтижесінде жобалық құжаттамаларды жасақтауға негіз болып табылатын топырақ пен жерасты суларының сапасы туралы мәліметтер алынады.

Инженерлік-геологиялық зерттелер болмаған жағдайдағы салдар:

  • фундаменттің отыруы,
  • суғабату,
  • топырақтың мамықтануы,
  • фундамент пен қабырғалардағы сызаттардың пайда болуы.

Нәтижесінде жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындауы мүмкін, ал құрылыстың құны біршама артады.

 

Қазақстандағы инженерлік-геологиялық зерттеулерді жүргізуді реттейтін негізгі құжат болып "Құрылыстың инженерлік-геологиялық зерттеулері" 1.02-102-2014 ҚР ЕЖ табылады.

ИНЖЕНЕРЛІК-ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР КЕЗІНДЕГІ ЖҰМЫСТАР КЕШЕНІ

Алдын ала жұмыстар

  • техникалық тапсырмалармен және қолда бар мұрағаттық материалдармен танысу
  • орналасқан жердің ерекшеліктерін зерттеу

 

Далалық жұмыстар

  • орналасқан жерді зерттеу
  • зерттеу ұңғымаларын бұрғылау
  • гидрогеологиялық зерттеулерді жүргізу (топырақ пен су үлгілерін таңдау)
  • жалпы таратылған пайдалы қазбалардың кен орындарын зерттеу
  • жол жабындарының көтеруші қабілеттерін анықтау

 

Зертханалық жұмыстар

  • топырақ пен судың химиялық және физикалық-механикалық қасиеттерін анықтау
  • асфальт-бетонның сапасын анықтау
  • құрылыс материалдарының сынаулары 

 

Камералды жұмыстар

  • инженерлік-геологиялық есептер
  • тау-кен жұмыстарының жоспары
  • жол құрылысы материалдары карьерлерін жасақтау жобалары

 

Нақты жоба бойынша жұмыстардың толық тізімі зерттелетін учаскенің ерекшеліктеріне сай анықталады.

Инженерлік зерттеу мәліметтерінің негіздерімен құрылған техникалық есептер құрылысқа берілетін рұқсатты алуға қажет құжаттамалардың міндетті құрамына кіреді.

ТЕХНИКАЛЫҚ ЕСЕПТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Әрбір жоба үшін KPSP жобалық институты инженерлік-геологиялық зерттеудің жеке бағдарламасын жасақтайды. Нәтиже техникалық есеп ретінде рәсімделеді. Бұл есеп барлық жобалық-сметалық құжаттама сараптамадан өткен кезде топогеодезиялық зерттеулер туралы есеппен бірге мемлекеттік сараптамадан өтеді. зерттеуден алынған мәліметтер жобалаулың маңызды бастапқы мәліметтері болып табылады, жобаның конструктивті шешімдерін әсер етеді.

 

Инженерлік-геологиялық зерттеудің техникалық есептеріне мыналар кіреді:

 

  • жұмыс туралы негізгі мәліметтер,
  • орындалған жұмыстардың мерзімі, құрамы мен көлемі,
  • техникалық тапсырмадан ауытқулар мен өзгерістер туралы мәліметтер және инженерлік зерттеу бағдарламалары,
  • бастапқы-рұқсат құжаттары туралы мәліметтер,
  • табиғи және техногендік жағдайлардың сипаттамасы,
  • жұмыстарды орындау әдістері мен технологиясы,
  • орындалған инженерлік зерттеулердің материалдаоы мен нәтижелері,
  • табиғи және техногендік тәуекелдерді бағалау,
  • құрылыс нысандарының табиғи және техногендік шарттарының болжалды өзгерістерін бағалаудың негізгі нәтижелерінен құралатын мәліметтер каталогы.