Инженерлік желілер мен жүйелер - құрамына сумен қамту, кәріз, жылыту, желдету, өрт сөндіру, электрмен қамту, жарықтандыру, өзге де жүйелер кіретін коммуникациялар мен құрал жабдықтар кешені.

Инженерлік желілер мен жүйелерді жобалау

 

Инженерлік желілер мен жүйелерді жобалау нысандардың құрылысы және реконструкциясы кезіндегі маңызды кезеңдердің бірі. Осы кезеңде жіберілген қателер барлық құрылыстың қызметіндегі күрделі мәселелерге әкелуі мүмкін.

KPSP ішкі желілермен қатар сыртқы желілерді де жобалайды. Оларға мыналар жатады:

  • Жылыту, желдету және салқындату жүйелерін жобалау
  • Сумен қамту және кәріз желілерін жобалау
  • Электрмен қамту жүйелерін жобалау
  • Жылу желілерін жобалау
  • "Жылу механикасы" тарауын жасақтау
  • Газбен қамту жүйелерін жобалау
  • Салқынмен қамту жүйелерін жобалау
  • Электрмен жарықтандыру жүйелерін жобалау
  • Аз токты жүйелерді жобалау

 

KPSP жобалық институты инженерлік желілер мен жүйелердің барлық кешенді жобалауын орындайды.

    СУМЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІН ЖОБАЛАУ

     

    Сумен қамту және кәріз желілерін жобалау бойынша жұмыстарға мыналар кіреді:

    • суды пайдалану және су тарту теңгерімін анықтау
    • нөсер және өндірістік кәріз жүйесін жасақтау
    • ыстық және суық сумен қамту желілерін жасақтау
    • су өлшеу торабының схемасын жасақтау
    • кәріз жүйесі және өзге жүйелердің ерекшеліктерін жасақтау

     

    ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІН ЖОБАЛАУ

     

    Жылу желілерін жобалауға мыналар кіреді:

    • жылу және гидравликалық есеп
    • трассаның жоспарын құру
    • монтаждық схеманы жасақтау
    • су жіберу мен дренаж конструкциясын таңдау
    • тұрба құбырларының беркітігі мен қаттылығын есептеу
    • пьезометрикалық кестені дайындау

     

    "ЖЫЛУ МЕХАНИКАСЫ" ТАРАУЫН ЖАСАҚТАУ

     

    "Жылу механикасы" тарауында жылыту, жылыту-өндірістік және өндірістік жылыту қазандықтарының жылу механикалық шешімдерін жасақтау қарастырылған. Жылу қазандығының жобасына жылуға түсетін салмақтың негізінде  жылыту қазандығы мен су жылытқышты таңдау, оңтайлы гидравликалық схема мен басқарудың автоматикасын таңдау, электрмен қамтуды және жылыту қазандығының құрал жабдықтарының схемасын дайындау кіреді.

     

    ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖОБАЛАУ

     

    Газбен қамту жүйелерін жобалау газбен қамту көздерін, жанармай режимінің ерекшеліктерін, газ құбырларының төсеу маршрутын анықтауға септеседі. Газбен қамту жобасына мыналар кіреді:

    • жанармай шығындарын есептей
    • газ құбырының трассасын таңдау
    • газ құбырының қажет участогының гидравликалық есебі
    • резервуарлық қондырғылардың көлемін есептеу
    • газ құбырының электрохимиялық қорғаныс құрылғылары
    • газды тазартуға арналған құрал жабдықтарды таңдау
    • газбен қамтудың жерлендірілген және найзағайдан қорғау нысандарының жүйесін жасақтау

     

    САЛҚЫНМЕН ҚАМТУ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖОБАЛАУ

     

    Салқынмен қамту жобасына мыналар кіреді:

    • салқынмен қамтудың технологиялық шамаларын есептеу
    • салқынмен қамту схемасын жасақтау
    • салқындату жүйесін таңдау
    • тоңазытатын құрал жабдықтардың жиынтығын таңдау
    • конденсат пен дренажды ағызу схемасын жасақтау
    • жылуды рекуперациялау жүйесін таңдау
    • гидравликаның есебі

     

    ЭЛЕКТЕРМЕН ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖОБАЛАУ

     

    Электрмен жарықтандыру жүйелерін жобалау бойынша жұмыстардың құрамы:

    • көлденең тегістікті жарықтандыру есебі
    • қалқаншаларды орналастыру орнын таңдау
    • жарықтандыруды басқару
    • жарықтандырудың біркелкілігін бағалау
    • электр қалқандарын жасауға тапсырыстарды жасақтау
    • электрлік құрал жабдықтарды орнату бойынша сызбаларды дайындау

     

     

     

     

    ЖЖ жүйелерін жобалаудың негізгі құжаты болып "Жылыту, желдету және ауаны салқындату" ҚР СН 4.02-01-2011 табылады.

    ЖЫЛЫТУ, ЖЕЛДЕТУ ЖӘНЕ САЛҚЫНДАТУ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖОБАЛАУ

    Жылыту, желдету және салқындату жүйелерін жобалау - ғимараттың ішінде оңтайлы температуралық жағдайды тудыру, мейлінші жауапты және күрделі тапсырмалардың біріне жатады.

     

    ЖЖ жүйелерін жобалау маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

    • желдету жүйесінің жалпы схемасын детальды жобалау
    • ауа жүргізуді орналастыру және құрал жабдықтарды орналастыру схемасын құру
    • жылу ағындарын есептеу
    • ауа алмасуын есептеу
    • желдету жүйесіндегі ауаның жалпы қысымын есептеу
    • оңтайлы ажыратқышты таңдау
    • жылу жүйесінің гидравликалық жоғалтуын тексеру
    • алаң боынша біркелкі жылытатын сулы жылы едендер жүйесін ұйымдастыру

     

    Құрал жабдықтарға қатысты KPSP компаниясы әлемдегі жетекші брендтер - Bosch, LG, Samsung, Schneider Electric, Арктостың SMART-шешімдерін ұсынады:

    • кондиционерлер мен фанкойлдар
    • чиллерлер
    • компрессорлы-конденсаторлы блоктар
    • желдеткіш құрал жабдықтар
    • ауа-жылыту агрегаттары
    • ауа жүргізгіш пен фасонды бұйымдар
    • ағынды- тарту агрегаттары
    • жиынтықты сорғы станциялары
    • тұрмыстық, жауын шашын ағындарын тазарту құрылғылары

     

    Кәсіби даярланған электрмен қамту жобасы кез келген электр жабдықтарының тұрақты және қауіпсіз жүмысының кепілі болады, желідегі шамадан тыс салмақ пен тұйықталуды болдырмауға мүмкіндік береді.

    ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖОБАЛАУ

    Электрмен қамту жобасын жасақтау жұмыстың екі бағытында қарастырылған:

    • Ішкі электрмен қамту желілерін жобалау (кабельдер, кірме құрылғылар, сервистік тасымалдағыш, жарықтандыру және розеткалық желілер, модульдік және күштік тарату қалқандары)
    • Сыртқы электрмен қамту желілерн жобалау (электр желілері, кабель линиялары, электр энергиясының есептегіштері, қалқандық, тарату және трансформаторлық қосалқы станциялар)

     

    Жобалаудың кез келген түрінде үздіксіз жұмысты жүзеге асыру үшін электр энергиясын таратудың негізгі және апатты жүйелері қарастырылады. Ол үшін электрмен қамту жүйесін жобалауда келесі құрылғылар мен шаралар қарастырылады:

    • автоматтық сөндіргіштер,
    • апатты айыру құрылғылары
    • жерлендіру жүйелері
    • жарықтандыруды басқару қалқандары

     

    Электрмен қамту желілерінің жобалауы жүргізілетін нысандар түрі:

    • Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарды электрмен қамту

    -   тұрғын үй кешендері

    -   бизнес орталықтар

    -   қонақ үйлер мен қонақ үй кешендері

    -   сауда-демалыс орталықтары

    -   темір жол вокзалдары

    • Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен қамтуды жобалау

    -   зауыттар мен фабрикалар

    -   көлік-логистикалық орталықтар

    -   қоймалық кешендер

    -   ЖЭЦ

    -   кемежайлар

     

    Зауыттың электрмен қамту немесе өндірістік емес нысанның электрмен қамтуының жобалауын жүргізілуіне қарамастаны, желі жобасының құрамына міндетті түрде төмендегілер кіреді:

    • электрмен қамту көздерінің сипаттамасы
    • электр қабылдағыштардың саны бойынша мәліметтер
    • жүйенің сенімділігіне қойылатын талаптар
    • жұмыс және апатты режимдегі электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша шешімдер
    • электр энергиясын үнемдеубойынша шаралар
    • желілік және трансформаторлық нысандардың қуаты бойынша мәліметтер
    • жерлендіру және найзағайдан қорғаныс бойынша шаралар
    • электр энергиясының резервті көздерінің сипаттамасы
    • электр энергиясын қорландыру бойынша шаралар
    • электрмен қамтудың қағидалы схемасы
    • электрмен қамту желілерінің жоспары
    • негізгі және апатты жарықтандыру желілерінің қағидалы схемасы
    • электр жабдықтарының орналасу схемасы
    • жерлендіру және найзағайдан қорғансы схемасы

     

    Аз токты желілер - ғимараттың ақпараттық инфрақұрылымының негізі, байланыстың кез келген түрін қамтамасыз ететін және компьютерлік желілердің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін электрокоммуникацияның маңызды бөлшегі.

    АЗ ТОКТЫ ЖҮЙЕЛЕРДІ ЖОБАЛАУ

    Аз токты желілердің кешеніне мыналар енеді:

    • Локалды-есептеу желілері
    • Құрылымданған кабельді желілер
    • Қолжетімділікті бақылау және басқару жүйелері
    • Видеобақылау жүйелері
    • Телефония жүйелері
    • Күзет-өрт сөндіру сигнализация жүйелері

     

    ЛОКАЛДЫ ЕСЕПТЕУ ЖЕЛІЛЕРІ

     

    Локалды есептеу желісі - ақпаратты жіберу, сақтау және өңдеуге арналған құрал жабдықтар мен бағдарламалық жасақтама:

    • Белсенді құрал жабдықтар (коммутаторлар, медиаконвекторлар, маршрутизаторлар)
    • Белсенді емес құрал жабдықтар (коммутациялық панельдер, кабельдер, монтажды шкафтар)
    • Перифериялық құрал жабдықтар (серверлер, жұмыс станциялары және т.б.)

     

    ҚҰРЫЛЫМДАНҒАН КАБЕЛЬ ЖҮЙЕЛЕРІ

     

    Құрылымданған кабель жүйелері дегеніміз - нысанның кабель жүйелерінің иерархиясы. ҚКЖ мыналардан тұрады:

    • құрылымданған кабель желілерінің схемасы
    • кабельдердің орналасу схемасы
    • панельдердің орналасу схемасы
    • жерлендіру жүйелерінің схемасы
    • жұмыс орындарын ұйымдастыру схемасы
    • басқару жүйелері

     

    ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕР

     

    Қолжетімділікті басқару және бақылау жүйелері нысанның аумағына кіретін тұлғалардың қолжетімділігін шектеу мен сәйкестендіруге арналған. Оларға есептеуіштер, идентификаторлар, электромеханикалық құлыптар, есіктің жеткізгіштері, жабатын және тосқауыл қоятын құрылғылар жатады. ҚББЖ жобасына мыналар енеді:

    • ғимараттар мен жүйенің ену аумағының жоспары
    • аспаптар мен олардың құрамдастарының ерекшеліктері
    • кабельді ажырату жоспары
    • жүйені қолданудың оңтайлы жағдайын сипаттау
    • құрал жабдықтардың сметалық кестесі

     

    ВИДЕОБАҚЫЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІ

     

    Видеобақылау жобасын жасақтау бейнекамералар, регистраторлар, аккумуляторлар, жүйенің резервті қоректену, ақаулықтар мен қауіптерден сақтауды орналастыру жоспарын құруды қарастырады. Бейне бақылау жүйелерін жобалау мынадай кезеңдерден тұрады:

    • нысан аумағының жағдайын бағалау
    • перифериялық құрылғылардың санын есептеу
    • камералардың орналасатын орындарын анықтау (ішкі және сыртқы, күндізгі және түнгі, бұрылмалы және қозғалмайтын)
    • бейнекамераларды қосу тәсілін таңдау
    • бақылау мен басқару құрылғыларын таңдау
    • ақпаратты сақтау тәсілін таңдау

     

    ТЕЛЕФОНИЯ ЖҮЙЕЛЕРІ

     

    Телефония жүйелерін жобалау нысанды телефон байланысымен қамту бойынша шешімдер кіретін техникалық құжаттамалардың жиынтығын құруды қарастырады. Телефония жүйелерін жобалау кезінде келесі құрал жабдықтардың орналасу схемасы құрылады:

    • сандық және аналогтық АТС
    • ADSL модемдері
    • кабель линиялары
    • телефон аппараттары
    • арнаулы бағдарламалық жасақтама

     

    КҮЗЕТ-ӨРТ СӨНДІРУ СИГНАЛИЗАЦИЯНЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІ

     

    Күзет-өрт сөндіру сигнализациясының жобасы - нысанды өрттен және рұқсатсыз кіруден қорғауды қамтамасыз ету бойынша шаралардың тізімі көрсетілген құжат. Күзет және өрт сигналиязациясына мыналар кіреді:

    • өрт сөндіру жүйелері
    • өрт сигнализациясы жүйесі
    • хабарландыру және эвакуацияны басқару жүйесі
    • түтінге қарсы қорғау жүйесі
    • қауіпті хабарларды жіберу жүйесі

     

    Аз токты жүйелерді жобалау бойынша жұмыстардың нәтижесі болып арнаулы түсініктеме жазба, қорытынды смета, нысанның қызметтік жоспары, кабельдердің орналасу жоспары мен схемалары, сонымен қатар қажет құрал-жабдықтарды орнату схемасы көрсетілетін құжат табылады.