• Тапсырыс беруші: "Қарағанды фармацевтикалық кешені" ЖШС
  • Жүзеге асыру орны, жылы: Қарағанды, 2012 жыл
  • ТЭК: Қуаты 1410 мың флакон, 500 мың шприц, 500 мың картридж

ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЗАУЫТ

Фармацевтикалық зауыт - "Қарағанды фармацевтикалық кешені"ЖШС аумағында орналасқан дәрі дәрмек өндіру зауыты. Фармацевтикалық зауыттың құрылыс бойынша жоба ҚР "Индустриализация картасына" енгізілді.

Зауыттың жобалық қуаты - жылына 2 млн фитопрепарат бумасы, 150 млн таблетка мен капсула және дәрі дәрмектердің 2 млн жұмсақ формалары. Жобада қолданыстағы ампулалау және сублимациялық құрғату цехын лиофилизацияланған және сұйық инъекциялық дәрі формаларын өндіру бойынша цехқа айналдыру қарастырылған.

 

Құрылыс учаскесі шикізат және дайын өнім қоймасының оңтүстігінде орналасқан. Шарттық шекте учаскенің алаңы 0,8416 га құрайды. Лиофилизацияланған және сұйық инъекциялық дәрі формаларының цехының батысына қарай "Арглабин" препаратының субстанциясын экстракциялау және синтездеу цехы орналасқан, шығысында - әкімшілік корпус.

 

"Қарағынды фармацевтикалық кешені" ЖШС жергіліктік өсімдік шикізаты негізіндегі бірегей дәрі препараттарының өндірісі саласында қызмет етеді. ҚФК-нде екі цех бар - сублимациялау және ампулалау. Ампулалау цехы - GMP өндірістік тәжірибесінің, субстанцияларды экстракциялау мен синтездеу талаптарына сай келетін стерильді инъекциялық формаларды жасау бойынша еліміздегі жалғыз цех. қазіргі таңда бірегей фитопрепараттардың 43 атауы шығарылады. Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жеке тапсырмасы бойынша құрылып, ҚР Білім және ғылыми Министрлігімен аккредитацияланған.