KPSP - САНДАР МЕН ДЕРЕКТЕР

  • 1959 - іргетасы қаланған жыл
  • 5000 - жүзеге асырылған жобалар
  • 250 - біздің тұтынушы атанған компаниялар
  • 250 - жоғары білікті инженерлер

Компания туралы

KPSP жобалық институты - Қазақстанның жетекші жобалық институттарының бірі. Институттың жобалау және 1959 жылдан бері бұрынғы КСРО және ТМД аумағында ірі өнеркәсіптік және азаматтық нысандрдың құрылысына қатысу тәжірибесі зор.

 

KPSP жобалық институты іргетасы қаланғаннан бері Қарағандыда орналасқан және ребрендингке дейін "Қарағанды Пром стройпроект" (КПСП) ретінде танымал болды.

 

Жобалау институтының басты кеңсесі, оның INTESSA Group иегер компаниясы Астанада орналасқан.

 

 

ҰЙЫМДАРДАҒЫ МҮШЕЛІК

 

  • Қазақстан Республикасының Жобалаушыларының Ұлттық Ассоциациясы
  • Қазақстанның Құрылысшыларының Одағы
  • "Свердлов облысының Жобалаушылары" Өзін өзі реттеуші ұйымы" ассоциациясы

ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА КЕШЕНДІ ТӘСІЛ: ЖОБАЛАУДАН ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАУҒА ДЕЙІН

KPSP-ның маңызды артықшылығы - INTESSA Group инжинирингтік холдингіне тиесілілігінде. INTESSA Group жобалау, құрал-жабдықтарды өндіру,  жеткізу және автоматтандыру, салалық ІТ-шешімдерді біріктіру және қауіпсіздік бойынша шешімдер бойынша тар шеңберде мамандандырылған компанияларды біріктіреді.

 

Холдингтің аталмыш құзіреттіліктері конструкторлар мен интеграторлардың осындай командасында жұмыс істейтін инженер-жобалаушыларға жобаға енгізілетін тәжірибелік шешімдерді тереңірек ұғынуға мүмкіндік береді.

 

Компаниялар тобының инженерлік және өндірістік мүмкіндіктеріне сүйене отырып, KPSP құрылыстық жобалау институты ЕР-контракт аясында қызметтердің толық жиынтығын ұсына алады:

 

  • Бастапқы мәліметтерді дайындау бойынша жоба алды консалтингтік және инжинирингтік қызметтердің толық жиынтығы
  • Жобалық-сметалық құжаттарды кешенді жасақтау. Қазақстан мен Ресейде авторлық қадағалауды жүргізе отырып, Басты жобалау
  • Нысанның техникалық жабдықталуы
  • Монтаж немесе шефмонтаж, эксплуатацияға қосу
  • Жеткізілетін құрал-жабдықтар мен ІТ-шешімдерге кепілдік және кепілден соң қызмет көрсету

 

* EP – Engineering and Procurement (Жобалау және жабдықтау)

ВІМ-ЖОБАЛАУ

ТМД кеңістігінде, соның ішінде Қазақстанда өнеркәсіптік және азаматтық құрылыстар саласында ВІМ технологияларды енгізу мемлекеттік деңгейде анық қолдауға ие болды.

 

Қазіргі таңда KPSP  - ВІМ-жобалауға ауысуды жүзеге асыратын Қазақстандағы, соның ішінде Астана мен Алматыдағы ірі жобалық-зерттеу компаниясы. Алмастыру бағдарламасына келесі кезеңдер кіреді:

 

  • ВІМ-стандарттарға сай жобаларды басқару негізін құру
  • Қызметкерлердің мәліметтермен алмасуға сүйенген өзара қызметтер рәсімін енгізу
  • Жобалаудың ВІМ-стандартын енгізу
  • Ақпараттар мен метамәліметтерді бірлесіп пайдалануға ауысу
  • ВІМ 4D және 5D құрамдастарын енгізу: сметаларды құру және ВІМ платформасы арқылы жобалардың кестесін басқару
  • Жобаның барлық кезеңдерін басқаруға мүмкіндік беретін барлық мамандарға арналған біріктірілген ортаны қалыптастыру

ЛИЦЕНЗИЯЛАР МЕН СЕРТИФИКАТТАР

Жобалау

  • Архитектура, қала құрылысы және құрылыс саласында жобалық қызметті жүзеге асырудың 1 категориялы басты лицензия
  • Технологияны, өндірістің тәсілдерін, тау, мұнайхимиялық, химиялық, мұнай газ өңдеу өндірістерінің, жұмыс қысымы 0,7 кг/см жоғары және жылу тасымалдаушы температурасы 115 С жоғары қазандар, 0,7 кг/см жоғары қысыммен жұмыс істейтін тұрба құбырларының жобалау-сметалық құжаттарын жобалау және сараптауға басты лицензия

Ресей Федерациясы

  • Ресей Федерациясы аумағында жобалық жұмыстарды атқаруға берілген рұқсат (Күрделі құрылыс нысандарының қауіпсіздігіне әсер ететін жұмыстардың нақты түрлеріне немесе өзге де түрлеріне берілген рұқсат туралы куәлік

Инженерлік ізденістер. Зерттеулер мен сынаулар

  • Қазақстанда іздеу қызметін жүзеге асыруға берілген басты мемлекеттік лицензия
  • Жауаптылығы бірінші және екінші деңгейлі техникалық және технологиялық күрделі нысандарда ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен беріктігін техникалық зерттеулер бойынша сарапшылық жұмыстарды атқару құқығына аккредитация туралы куәлік
  • "Сынау және калибрлік зертханалардың құзіреттілігіне жалпы талаптар" СТ РК ИСО/МЭК талаптарына сынау орталығының сәйкестігіне аккредитация

Қоршаған ортаны қорғау

  • Қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды атқаруға берілген басты лицензия

Өнеркәсіптік қауіпсіздік

  • Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстарды атқару құқығының аттестаты

Сапа менеджменті

  • Экологиялық менеджмент жүйесінің сәйкестігінің сертификаты
  • ISO 9001:2008 сапа менеджменті жүйесінің сәйкестігінің сертификаты
  • ISO 50001-2011 энергетикалық менеджменті жүйесінің сәйкестігінің сертификаты
  • СТ РК OHSAS 18001-2008 кәсіптік қауіпсіздік мен денсаулықм менеджменті жүйесінің сәйкестігінің сертификаты

КОМПАНИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ДАТАЛАР

1959

 

"ҚАРАҒАНДЫПРОМСТРОЙПРОЕКТ" ЖОБАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ НЕГІЗІНІҢ ҚАЛАНУЫ

 

1962-1991

 

Қазақ КСР индустриалды орталықтарының өнеркәсіптік тораптары кәсіпорындарының жобалары жасақталды.

 

1991

 

"ҚАРАҒАНДЫПРОМСТРОЙПРОЕКТ" ЖОБАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖЕКЕШЕЛЕНУІ

 

1996-2005

 

Жобалық институт Республиканың жаңа астанасының құрылыс жоспарын жүзеге асыруына кіріседі, Астананың тұрғын және азаматтық нысандарымен белсенді жұмыс істейді.

 

2006-2015

 

Компания басты жобалаушы ретінде "ГПФИИР", "Бизнестің жол картасы", "ГПИР", "Нұрлы жол", т.б мемлекеттік бағдарламаларына енген ірі индустриалды нысандардың құрылысына қатысады.

 

2013

 

Реорганизация кезінде Карағанды ПРОМстройпроект институты коммерциялық атауын қысқаша KPSP атауына өзгертеді.

 

2014-2016

 

KPSP тұтынушылар портфелі мемлекеттік корпорациялар, ірі өнеркәсіптік холдингтермен, мұнай газ компанияларымен, сонымен қатар жеке компаниялармен толығады.

 

Тұтынушылар базасының дамуының арқасында, сонымен қатар ЕРС-жобаларды атқаруға ауысу стратегиясын жүзеге асыру аясында компанияның құрылтайшылары институттың базасында мамандандырылған инжинирингтік компанияларды құра отырып, институттың қызметін жетілдірді:

  • Novatech Corporation - БӨҚжА жоғары-технологиялық құрал-жабдықтарды жеткізу
  • Eurasia Engineering & Construction - құрылыс жобаларын басқару
  • SecureTech Corporation - ақпараттық және визикалық қауіпсіздік саласындағы қорытындылар

 

Компаниялардың қызметіндегі кооперация нәтижесінде "KPSP" көлемді ЕРС-жобаларға қатыса отырып, құрылыс индустриясының жоғары маржиналды сегменттерде жетекші орын алды.

 

2016

 

"KPSP" жобалық институты «Novatech Corporation», «Eurasia Engineering & Construction»,"Өнеркәсіптік арматураның Өскемен зауыты" және «SecureTech Corporation» компанияларымен бірге «INTESSA Group» холдингінің құрамына кірді.

 

Тұтынушылар базасының реорганизация мен кеңеюінің нәтижесінде "KPSP" жобалық институты  Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша Қазақстанның жылдам дамыған үздік 25 компаниясының арасында 10-орынды иеленді.

 

2017

 

Холдингтің құрамына  «INTESSA Technologies» компаниясы кірді. Компания инженерлік және технологиялық құрал-жабдықтарды жеткізу саласында KPSP -ніің стратегиялық серіктестері болып табылады.

 

2018

 

Жобалық институт  «TransInfoTech» ЖШС сынды тағы бір маңызды серіктеске ие болды, –  «SecureTech Corporation» еншілес компаниясы және көлік-логистикалық және мемлекеттік секторға арналған ІТ-шешімдерді жасақтау саласындағы көшбасшы - ресейлік "Трансинфотех" ААҚ арасындағы БК.