• Мекенжай: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ, Дінмұхамед Қонаев к, 29/1, e-mail: press@kpsp.kz

KPSP казмырыштың "Жайрем Полиметалдары" ірікөлемді жобасы аясында Жайрем ТКБК жобасына кірісті

KPSP Қазмырыштың "Жайрем полиметалдары" ірі көлемді жобасы аясында Қарағанды облысындағы "Жайрем ТКБК" АҚ аумағында таукен-байыту комбинатының жобасының "П" және "РД" кезеңдерін жобалауға кірісті.

Жобаны жүзеге асыруға келген инвестициялардың көлемі 300 млн евродан асады.

Жайрем ТКБК - Ресей, Украина, Орталық Азия және Қытайдағы тұтынушыларға марганецтік және ферромарганецтік концентраттарды жеткізушілердің ірі өкілі. Кәсіпорын Қазақстандағы марганец рудасын өндіру және өңдеу бойынша ірі зауыт болып табылады.

 

Жобаға мыналар кіреді:

 

  • жылына 5 млн тонна руда өндіретін байыту фабиркасы,
  • байыту фабрикасының инфрақұрылымы,
  • "Западный" және "Дальнезападный" карьерлерінің инфрақұрылымы,
  • өндірістік алаң, қызметкерлерге арналған вахталық ауылдың жалпы инфрақұрылымы.

 

Жобаны жүзеге асыру полиметалл рудаларын өңдеу бойынша жаңа технологиялық шешімдерді енгізуге, экспорттың көлемін ұлғайтуға, сонымен қатар зерттелген учаскелерді кеңейту арқылы кен орнын пайдалану мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.