• Тапсырыс беруші: "КТЖ" ҰК" АҚ
  • Жүзеге асыру орны, жылы: Маңғыстау облысы, 2016 жыл
  • ТЭК: кемежайа аумағы 40 га, Жүктерді тасымалдау көлемі жылына 13,9 млн. тоннаға ұлғайту мүмкіндігі бар жылына 4 млн. тонна

ҚҰРЫҚ ПОРТЫНДАҒЫ ПАРОМ КЕШЕНІ

Құрық теңіз кемежайының құрылысын "Нұрлы Жол" бағдарламасы аясында "КТЖ" ҰК" АҚ жүзеге асыруда. Қазіргі таңда "КТЖ" ҰК" АҚ магистралды темір жол желісі операторының қызметін атқарады. Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту бойынша мемлекеттік тапсырмаларды жүзеге асыруда темір жол көлігінің жетекші рөлін назарға ала отырып, "КТЖ" ҰК" АҚ халықаралық көлік коридорларын қалыптастырып, көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға және нарықтың жаңа сегменттеріне шығуға тырысуда. Осыған орай  көлік-логистикалық орталықтарын құру және Қазақстанның Түркменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және өзге елдермен транзиттік аумағын жасақтау аймақтың экономикасын дамытуға ықпал етеді.

Құрық кемежайындағы паром кешені - Қытайдан Қазақстан аумағы  бойынша, Каспий өзенінің акваторийі, Әзербайжан мен Грузиядан Еуропаға өтетін Еуразияның маңызды көлік коридорларының бірі. Құрық кемежайының оңтайлы орналасуы жүктердің ауқымды түрлерін, соның ішінде мұнай өнімдері, астық, көмір, тыңайтқыш, химикаттар, контейнерлер, құрылыс материалдары, халық тұтынатын тауарларды тасымалдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

 

Құрық кемежайы Каспий теңізінің жағалауында, Ақтау кемежайынан оңтүстік бағыттағы шығанақта орналасқан. Орналасқан жер тиеу-түсіру жұмыстары, соның ішінде вагонды сүйреу-тоқтату бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін ыңғайлы жағдайды қамтамасыз етеді. Құрық паром кешенінің құрылысы 2015 жылдың сәуірінде басталды. 2016 жылдың желтоқсананда іске қосылды. іске қосылған күннен бастап бүгінгі таңға дейін тасымалдау көлемі 1 млн тонна жүкке жетті.

 

Құрық паром кешенінің келесі құрамдастардан тұратын инфрақұрылымы бар:

  • Темір жол паромдарына қызмет көрсетуге арналған  көтермелі-өткел көпірлермен жабдықталған екі дайын айлағы бар пирс
  • Автокөлік құралдарын өткізетін РО-РО типтес (жүктерді көлденең тәсілмен тасымалдайтын кемелер) паромдарды қабылдауға арналған дайын айлағы бар пирс
  • Кемелердің барлық түрін қабылдауға арналған әмбебап дайын айлақ
  • Автокөлік құралдарының жүргізушілері мен жолаушыларына арналған 40 орындық қонақ үй
  • 50 орындық асхана

 

Құрық портының құрылысының 1-кезеңі аяқталды, тәуіл бойынша темір жол вагондары тиелген паромдарды тасымалдауға мүмкіндік беретін 1-іске қосу кешені қолданысқа енгізілді. Жұмысы жолға қойылған темір жол желісіне 2 парк кіреді - А және Б. Әрбір паркте вагондармен қажет маневрлік операцияларды  қамтамасыз ететін 6 көрме желілері бар. Тиеу-түсіру жұмыстарын қамтамасыз ету үшін "ҚарағандыПромСтройпроект" ЖШС инженерлері көтермелі-өткел көпірлерін, сонымен қатар паромдарды швартовкалауға арналған пирсті жобалады. 1 іске қосу кешенінің құрамына келесі ғимараттар мен құрылыстар енеді:

  • алаңнан тыс кірме темір жолы
  • көрмелік А және Б темір жол парктары
  • пирс
  • №1 және №2 көтермелі-өткел көпірлері
  • 2 диспетчерлік пункт
  • БӨП бар әкімшілік корпус
  • кедендік және шекаралық бақылау қызметтері бар диспетчерлік порта
  • теміржол вагондарын қарауға арналған жаппа
  • темір жол безбені
  • радиобайланыс мачтасы
  • блоктік-модульдік жылу қазандығы
  • №1 және №2 комплектілік трансформаторлық қосалқы станция
  • тұрмыстық ағындыларды тазарту құрылғылары
  • дизельдік электростанция
  • радиобайланыс мачтасы

 

Қазіргі таңда Құрық кемежайының құрылысының 2-кезеңі жүзеге асуда - Ақтау кемежайының жұмысын азайтуға мүмкіндік беретін, жылына 6 млн тоннаға дейін жүкті тасымалдау жоспарланған автокөлік паром терминалы. Автокөлік құрамдасының жүк көлігі паромның кемежайға келгендігі туралы ақпарат алғанша кемежайалды тұрағында орналасады. Сосын көлік құралы бақылау және өткізу пунктіне бағыт алады, оған дейін ол автоматты түрде жүйе арқылы тіркеледі. Жобада 3 өткізу пункті қарастырылған - 2 жүк көлігі үшін және 1 өткізу пункті жеңіл автокөліктер үшін. Автомобильдік құрамдастың жалпы кемежайлық мақсаттағы аумағында келесі нысандар орналасқан:

  • радиациялық бақылау жүйесі бар автокөлікті өткізу және бақылау пункті
  • дезбарьер
  • көлік құралдарының салмақ-габаритті бақылауы
  • фитосанитарлық және радиациялық бақылау бойынша карантин аумағы
  • бақылау өткізу пункті
  • фитосанитарлық бақылаудың қоймасы-изоляторы
  • 2 машинаға арналған күшейтілген радиациялық қорғанысы бар бокс-изолятор
  • уақытша сақтау қоймасы бар мұқият тексеруге арналған ғимарат
  • тексеру топтарының ғимараты
  • автокөлікті өткізу пункті
  • жолаушыларды өткізу пункті
  • автомобиль көлігіне арналған инспекциялық-тексеру кешені
  • операторлық
  • автокөлікті мұқият тексеруге арналған жаппалы алаң
  • кемелердің қозғалысын басқару ғимараты
  • кедендік рәсімдеу аумағы