Бөлімше:

KPSP LAB.

 

 

KPSP Lab. Мыналар бойынша жұмыстардың толық кешенін жүргізеді:

  • құрылыс материалдарын сынау мен сертификаттау,
  • құрылыс конструкцияларын техникалық зерттеу,
  • инженерлік-геологиялық ізденістер,
  • топогеодзиялық ізденістер.

Құрылыс материалдарын сынау мен сертификаттау

Құрылыс материалдарын сынауда олардың технологиялық және эксплуатациялық қасиеттерін техникалық нормалар мен мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін анықталады. Сапасыз құрылыс материалдары құрылыс нысанының эксплуатациялық сипаттамасын біршама төмендетуі және оның қирауының себебі болуы мүмкін. Сондықтан құрылыс материалдарын сынау өндірушілермен қатар мердігер үшін де маңызды болмақ.

Құрылыс материалдарын сертификаттау - құрылыс материалдарының мемлекеттік нормалар мен стандарттарға сәйкестігін дәлелдеу рәсімі. Сертификаттауды өткізу қажеттілігі өнімнің түріне байланысты. 

Құрылыс материалдарын сертификаттау түрлері:

  • міндетті (тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін құрылыс материалдары үшін),
  • ерікті (материалдардың стандарттар немесе өзге нормативтік құжаттарға сәйкестігін дәлелдеу үшін).

 

KPSP Lab. -тың аккредитацияланған сынау орталығы бар.

 

  • "Сынау және калибрлік зертханалардың құзіреттілігіне жалпы талаптар" СТ ҚР ИСО/МЭК 17025-2007 талаптарына сәйкестігіне 2015 жылдың 27 қазанындағы №KZ.И.10.0765 аттестаты
  • Іздестіру қызметін жүргізуге берілген 2015 жылдың 11 қарашасындағы №15019961 мемлекеттік 1 сыныпты лицензиясы

 

 

 

ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫН СЫНАУ ТҮРЛЕРІ

Құрылыс материалдарын сынауға келесі жағдайларда тапсырыс беріледі:

  • Тапсырыс берушінің (құрылыс материалдарын өндірушілер) өнімінің сапасына ішкі бақылау жүргізу үшін 
  • Тексеруші органдардың тексерісі кезінде ұсынылған үлгілердегі берілген шамалардың сақталуын сертификаттау және дәлелдеу мақсатында

 

KPSP Lab. Сынау орталығы келесі материалдарды сараптау мен сертификаттауды жүзеге асырады:

  • Бетон
  • Кірпіш
  • Металл
  • Ағаш

 

Сынау орталығында жүргізілетін зерттеулер барысында материалдар мына белгілерге сыналады:

  • беріктік,
  • қатаңдық,
  • ылғалдылық,
  • ұзақмерзімдік,
  • сызатқа беріктік,
  • қысқан кездегі беріктік шегі,
  • майыстыру кезіндегі беріктік шегі,
  • көлденең иіліс кезіндегі жою күші.

 

Құрылыс материалдарын сынау кезінде материалдардың қасиеттерін зерттеудің механикалық және физикалық-химиялық әдістері қолданылады. 

Сынаулар тек арнаулы құрал жабдықтарда, соның ішінде ПСУ-125 гидравликалық пресстерде, материалдарды сынауға арналған машиналарда (Р-0,5; УММ-5; УММ-20) және т.б. Жүргізіледі.

 

ҚР аймағында нарықтағы құрылыс материалдарының сапасына қойылатын талаптарды "Құрылыс материалдары, бұйымдар мен құрылымдардың қауіпсіздігі" техникалық регламент бекітеді.

САПА ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕСТІК ТУРАЛЫ ҚОРЫТЫНДЫ

Тапсырыс беруші сапа талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны алғанға дейін құрылыс материалдарын сынауды өткізу процесіне келесі кезеңдер кіреді:

 

  • қажет ақпаратты жинау, алынған құжаттарды зерттеу,
  • сыналатын материалдарды қарау және визуалды сараптама,
  • құрылыс материалдарын аспаптық тексеру,
  • ақаулықтарды анықтау,
  • зақымдарды тіркеу,
  • зертханалық сынамалар,
  • барлық алынған ақпараттарды өңдеу мен қорытындылау,
  • қорытындылау.

 

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде Тапсырыс беруші зерттеу нәтижелерінен тұратын, материалдардың нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігін дәлелдейтін және сертификаттау орталығының сәйкестік сертификатын беруге негіз болатын сынау хаттамасын алады.

 

Сынақтарды өткізген соң аталмыш хаттама ҰСжСО (Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы) жіберіледі, онда тәуелсіз сараптама нәтижесі негізінде сәйкестік сертификаты беріледі. Сертификаттың әрекет мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейін, бірақ өнім партиясын берілетін "бірреттік" сертификаттар да болады.