БӨЛІМШЕ:

EURASIA ENGINEERING

& CONSTRUCTION (EE&C)

 

 

  • Eurasia Engineering & Construction - әртүрлі кезендерде құрылыс жобаларын басқаратын инжиниринктік компания.
  • EE&C компаниясы KPSP жобалық институты және Sicim S.p.A. Халықаралық деңгейдегі итальяндық құрылыс холдингының бірлескен кәсіпорны болып табылады.

Құрылыс жобаларын басқару. Техникалық тапсырыс берушінің қызметі

Құрылыс жобаларын басқару - инвестициялық жоспарды дайындаудан бастап нысанды аяқтау және іске қосуға дейінгі инвестициялық құрылыс жобасының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған қызмет.

Құрылыс жобасының басшысының инвестициялық-құрылыс процесінің өзге де қатысушыларымен өзара жұмысы контрактілік қарым қатынастар негізінде жүзеге асырылады. Инвестициялық-құрылыс жобасындағы жауапкершіліктің көлемі бойынша контрактілік қарым қатынастар EPC, EPCM, PMC, EPCI, EPCC, EPCS контрактілер, концессиялық немесе Fee-девелопмент негізінде құрылуы мүмкін.

Бүгінде мердігермен жұмыстың кең таралған модельдері - ЕРС және ЕРСМ контрактілер. Олардың арасындағы ерекшелік жауапкершілік пен тәуекелдерді орналасу құрылымында.

Eurasia Engineering & Construction компаниясы жауапкершілік деңгейі әртүрлі жобаларды басқарады жәнеҚазақстан мен Ресей аумағындағы ірі көлемді ЕРС/ЕРСМ-жобаларды қоса алғанда, контрактілеудің түрлі модельдері бойынша жұмыс істейді. 

ЕРС-КОНТРАКТЫЛАУ

ЕРС моделі бекітілген бағамен ерекшеленеді және мердігердің мейлінше жоғары дағдыларының болуын талап етеді. Мердігер жұмыстың барлық көлеміне бекітілген баға қойылған соң жобаның бюджеті, мерзімі мен техникалық көрсеткіштерге қол жеткізуге толық жауапкершілікті алады. Осы ретте уақыт кестесі қысқартылады, себебі ЕРС-мердігер жобаның жүзеге асуының барлық процестерін көреді және оның оларды үйлестіруге мүмкіндігі бар.

 

Бекітілген баға негізіндегі тәсілдің артықшылықтары:

 

  • Жоба сметасынан біршама ауытқу қатері төмендейді, себебі мердігер бюджеттің сақталуына жауапты.
  • Контрактыға қол қою алдындағы жобаның жасақтау сапасы мейлінше жоғары.
  • Контрактыға қол қоюдан соң жобаны жүзеге асыру жылдамдығы артады, себебі мердігер тапсырыс берушімен өз қызметі туралы ақылдаспайды.

ЕРС моделін қолданған кезде тәуекелдердің басым бөлігі мердігерге жүктеледі, ал ЕРСМ-контракт аясында олар тапсырыс беруші мен мердігер арасында бөлінеді.

ЕРСМ-КОНТРАКТІНІҢ МОДЕЛІ

ЕРСМ- модельге сәйкес тапсырыс беруші мен мердігер жобаны басқару және атқару жүмыстарын таңдау бойынша қызметтерді өзара бөліседі. Мердігерге артылған минималды тәуекелдер қосалқы мердігермен барлық контрактілерді тек қана тапсырыс беруші жасайтын, ал ЕРСМ-мердігер бекітілген бағалар мен алдын ала келісілген марапат сомасына қарай жобаны басқару бойынша қызметтер атқаратын тәсілді қамтамасыз етеді.

 

ЕРСМ-конрактілеудің артықшылықтары:

 

  • Тапсырыс беруші жобаның шығындары мен негізгі шешімдерді мейлінше тиімді бақылайды.
  • Жұмыстың жалпы құны азаяды, себебі контрактінің бағасына тәуекелге төленетін қосымша ақы кірмейді.
  • Болжалды мердігерлер шеңбері кеңейеді.

 

Сонымен қатар бұл модель тапсырыс берушінің жобаны ұйымдастыруға белсенді қатысуын талап етеді. Бекітілген баға бойынша жұмыстарды орындаумен қатар қосалқы мердігерлерді таңдау, пайдаланылған ресурстар көлемін бақылау, негізгі құрал жабдықтарды жеткізу мен қызмет көрсетуге келісімшарттар жасау жұмыстарын жүргізу қажет.

 

KPSP жобалық институты, сонымен қатар оның Eurasia Engineering & Construction бөлімшесі инвестициялық-құрылыс жобаларын сүйемелдеудегі өзінің көпжылдық тәжірибесін пайдалана отырып, техникалық тапсырыс беруші қызметін атқара алады.

ТЕХНИКАЛЫҚ ТАПСЫРЫС БЕРУШІНІҢ ҚЫЗМЕТІ

Техникалық тапсырыс беруші - инвестициялық-құрылыс жобасының жұмыстарын басқару мен ұйымдастыру саласындағы білікті сарапшы, инвестордың атынан жобаның жүзеге асу кезеңдерінде бірге қызмет ететін және барлық туындаған техникалық және заңгерлік мәселелерді кәсіби шешетін инвестордың өкілі.

 

Техникалық тапсырыс берушінің негізгі қызметтері:

 

  • Бастапқы-рұқсат құжаттамаларын алу
  • Жоба алды ұсыныстарды жасақтау
  • Жобалау процесін сүйемелдеу
  • Құрылыс монтаж жұмыстарының сапасына техникалық бақылау жүргізу
  • Бюджетті және шығындардың болжалды бағасын жасау
  • Инвестициялау мақсатында алынған нысандар мен жер учаскелерінің талдауы
  • Нысанды іске қосу

 

Нәтижесінде техникалық тапсырысберуші процеске қатысушылардың барлығының жемісті өзара қызметін ұйымдастырады: инвесторлар (тікелей тапсырыс беруші), жобалаушылар, мердігерлер мен бақылау органдары.