Бөлімше:

KPSP LAB.

 

Жауапкершіліктің І және ІІ деңгейлі техникалық және технологиялық күрделі нысандардағы құрылыстары мен ғимараттарды техникалық зерттеуге берілген аккредитация.

 

KPSP Lab. Мыналар бойынша жұмыстардың толық кешенін жүргізеді:

  • құрылыстық конструкцияларды техникалық зерттеу,
  • құрылыс материалдарын сынау мен сертификаттау,
  • инженерлік-геологиялық зерттеулер,
  • топогеодезиялық зерттеулер.

Құрылыстық конструкцияларды техникалық зерттеулер

Құрылыстық конструкцияларды зерттеу - эксплуатацияланатын нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ғимараттар мен құрылыстардың көтеруші және қоршайтын конструкциялардың техникалық жағдайын анықтауға бағытталған шаралардың кешені. Құрылыс конструкцияларының уақтылы өткізілген техникалық зерттеулері ғимараттың апатты жағдайының болжалды қаупінің алдын алуға мүмкіндік береді, сол арқылы жөндеуге кететін шығындар азайып, адамдардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

    Құрылыс конструкцияларын сынай келесі әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады:

    • қиратпайтын бақылау
    • қиратушы бақылау

     

    Құрылыс конструкцияларын тех.зерттеуді өткізудің негіздемесі:

    • Ақаулықтар мен бұзылуларды анықтау
    • Нысанды реконструкциялау
    • Күрделі жөндеу қажеттілігі
    • Табиғи апат кезіндегі нысанның бұзылуы
    • Нысанның конструкцияларының қызметтік мақсатының өзгеруі
    • Құрылысты қайта жүргізу немесе дайын нысанды тұмшалау
    • Ғимараттың өрт қауіпсіздігінің бағасы

    ҚИРАТПАЙТЫН БАҚЫЛАУ (NDT)

    Қиратпайтын бақылау - материалдың қасиеттерін, оның құрамдастары немесе толық конструкцияларын бағалауда нысанды пайдаланудан шығармай және бұзылуларды болдырмай қолданылатын сараптама әдістерінің көлемді тобы.

     

    Қираптайтын бақылау әдісінің зерттеулеріне мыналар жатады:

     

    • Визуалды және өлшеу бақылауы
    • Рентгеноскопия
    • Ультрадыбыстық бақылау
    • Магнитті-ұнтақты дефектоскопия
    • Өтімді заттарды бақылау
    • Резервуарлардың саңылаусыздығын бақылау

     

     

    ҚИРАТПАЙТЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ӘДІСТЕРІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

     

    • зерттелетін нысандардың жұмысын тоқтату қажеттілігінің болмауы,
    • өндірістің бөлек бөлімінің ревизияға тоқтатылуына байланысты  өндірістік, яғни қаржылық шығындардың болмауы,
    • тұрақты түрде нысанның техникалық жағдайын бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі, сол арқылы апаттық және өзге форс-мажорлық жағдаяттардың алдын алуға болады.

     

    Қиратпайтын бақылау әдісінің ерекшелігі - нысанның толық қиратылуы немесе бұзылуы, бұл конструкцияларды келешекте пайдалануға жарамсыз етеді. Қиратпайтын бақылаудің әдістеріне әдетте іске қосу алды неме аппараттардың мерзімді гидравликалық сынаулары, металдардың элементтерінен алынған үлгілердің механикалық сынақтары, т.б жатқызылады.

     

    Құрылыстық конструкцияларының техникалық зерттеулері 1.04-101-2012  ҚР ЕЖ "Ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жағдайын зерттеу мен бағалау" сай реттеледі 

    ЗЕРТТЕЛЕТІН НЫСАННЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

    Зерттеу нәтижелері бойынша  KPSP Lab.  Мамандары нысанның техникалық жағдайы туралы қорытынды жасайды, оған мыналар кіреді:

     

    • сынақ хаттамалары,
    • графикалық материалдар,
    • қажет конструкциялардың тексеру есептері,
    • нысанды келешекте қауіпсіз пайдалану бойынша ұсыныстар.

     

    Ұсынылған тізім конструкцияларды зерттеудің себебі мен міндерттеріне байланысты толықтырылуы мүмкін.

     

     

    KPSP Lab. СЫНАУ ОРТАЛЫҒЫ.

     

    KPSP Lab.-дың "Сынау және калибрлік зертханалардың құзіреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" ҚР СТ ИСО/ МЭК 17025-2007 талаптарына сай аккредитацияланған сынау орталығы бар - 2015 жылдың 27 қазанындағы KZ.И.10.0765  аттестаты.

     

    Ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс конструкцияларының техникалық зерттеуін 10 жылдан астам жұмыс өтілі бар жоғары білікті инженер-зерттеушілер жүргізеді. Компания мамандарының кәсіби сәйкес даярлықтары бар.

     

    ӨНЕРКӘСІПТІК МАҚСАТТАҒЫ НЫСАНДАР 

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Азаматтық мақсаттағы нысандар

    ТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ БОЙЫНША ІРІ НЫСАНДАР

    • ХВО2 рельс жанындағы қойма және ғимарат, Теміртау қ.

    Тапсырыс беруші: "АрселорМиттал Теміртау", 2016 жыл

    • "Шаңырақ" вахталық ауылының төсемі мен шатырының конструкциясы, Тенгиз а.(Атырау обл)

    Тапсырыс беруші:  "Тенгизшевройл" ЖШС, 2016 жыл

    • Турбиналық цехтың ғимараты. Қарағанды қ.

    Тапсырыс беруші: "Қарағанды тұрба механикалық зауыты" ЖШС, 2016 жыл

    • Зауыттың крандық эстакадалары, Өскемен қ.

    Тапсырыс беруші: «Востокмашзавод»,АҚ, 2015 жыл

    • Балқаш мыс балқытатын зауыттың конвертерлік цехы, Балқаш қ.

    Тапсырыс беруші: "Қазақмыс" ЖШС, 2012 жыл

    • Жөндеу-механикалық зауытының құю цехы, Рудный қ.

    Тапсырыс беруші: "ССГПО" АҚ, 2012 жыл

    • Шикізат диірменінің ғимараты, шикізат қоспасының силосы, көмір диірмені, Қарағанды обл.

    Тапсырыс беруші: "Карцемент" АҚ, 2011 жыл

    • Қарағанды ЖЭЦ-3, Қарағанды қ.

    Тапсырыс беруші: «Караганда Энергоцентр» ЖШС, 2011 жыл

     

     

    • "Керуен" сауда-демалыс орталық орталығы, Астана қ.

    Тапсырыс беруші: «Build SYSTEM» ЖШС, 2016 жыл

    • Өндірістік және әкімшілік-тұрмыстық корпустар, Қарағанды қ. 

    Тапсырыс беруші: "Конфеты Қараганды" АҚ; 2015 жыл

    • Сауда демалыс орталығы, Теміртау қ.

    Тапсырыс беруші: "Азияменеджмент" ЖШС, 2015 жыл