БАЙЛАНЫСТАР

 

 

 

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 100009,

Қарағанды қаласы, Н.Әбдіров д, 3

 

 

e-mail: info@kpsp.kz

МАНСАП

Бүгінгі күні КРSР компаниясы - азаматтық жобалау мен өндіріс саласы бойынша Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі.
Алдыңғы қатарлы компаниялардың бірі болу үшін бізді біріктіретін негізгі қағидалар мен құндылықтарды  ұстану қажет. Бұл, әрине, біздің гүлденуіміздің кепілі! Біз ісіне құмарлықпен қарағанды бағалаймыз, біз үшін әр қызметкердің жалпы табысқа қосқан үлесі маңызды,  өйткені ол әрбір қызметкердің жетістіктерінен құралады!

КПСП қызметкерлерін кешенді дамыту жүйесінің негізгі екі бағыты бар.

 

Ол ең алдымен институттың алдында тұрған ағымдағы міндеттерді шешу үшін жобалаушылар біліктілігінің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.  Сонымен қатар КПСП компаниясының перспективалық жоспарларын іске асыру үшін мамандарды даярлау негізгі бағыттардың бірі болып табылса, бұл болашақта сұранысқа ие компаниялардың қатарында кіру үшін қызметкерлердің дағдысы мен құзіреттілігін дамытуды білдіреді. 

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

  • Бұл жүйе өндірістік біліктілікті арттыру үшін және барлық деңгейідегі басқарушы персоналдарға арналған. 
  • Келісілген «70/20/10» принціпі бойынша жобалаушыларға және  компанияның
    кадр резервінде тұрғандарға жеке жоспар құрылады, уақыттың 70 пайызы  практика барысында оқытуға кетсе, 20 пайызы- тәлімгерлікке(техникалық оқыту), ал 10 пайызы қашықтан оқытуға яғни материалды өз бетімен оқуға жұмсалады.
  • Компанияда өзінің жеке меншік сертификатталған autoDesk оқу орталығы, яғни, жобалаушылар әр ай сайын өз біліктілігін арттыратын AutoCAD және тағы да көптеген бағдарламалық қосымшалар бар.

ЖШС «КПСП» ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ

КПСП қызметкерлерін дамыту жүйесі үш негізгі бөліктен құралады:

  1. Кәсібилік:
    • Жобалаушылардың талаптарына сәйкес міндетті оқыту
    • Қажетті мамандықтар мен функциялар бойынша білім игеру және дағдыларды жетілдіру.
  2. Басқарушылық:
    • Кадр резервінде тұрған қызметкерлер мен жетекшілердің іскер және жеке дағдылары
  3. Корпоративтік:
    • Қызметкерлердің жеке дағдыларының тиімділігі
    • Бизнесті ұғыну

Қызметкерлерді оқыту мен дамыту процесінде компаниядағы техникалық және басқару құзіреттілігі жұмысының тиімділігі үшін қажеттінің бәрін алу керек. Компания кәсіптік-техникалық оқыту үлесін ұлғайтады. Әр қызметкерге арналған дамыту мен оқыту бағдарламасына сай жоспардың 80 пайызға жуық  уақыты техникалық оқытуға және 20 пайызы жалпы корпоративтік оқытуға жұмсалады. 

 

  • Компания бөлімшелерінің күшімен оқыту бағдарламасы әзірленеді, ол,әрине, Қазақстан мен Ресейдің алдыңғы қатарлы оқу орындары және жоғарғы оқу орындарының көмегімен дайындалады. 
  • Корпоративтік даму бағдарламасы компанияның стратегиялық міндеттерін есепке ала отырып және қызметкерлердің басқарушылық және кәсіби құзіреттілігінің нәтижелерін бағалаудан құрылады.

 

ТҮЙІНДЕМЕНІ ҚАРАСТЫРУ ТӘРТІБІ

  • Түйіндемеде қалаған лауазымыңыздың атауы болуы және ол осы позицияға қойылатын сайтта көрсетілген талаптарға сай болуы керек
  • Сіз жіберген түйіндеме мәліметтер базасына енгізіледі және ұзақ уақыт сақталады
  • Көрсетілген байланыс деректері мен кәсіби құзіреттіліктің деңгейі түйіндемені жіберген кезде маңызды болуы керек және алдағы уақытта өзгерсе, компанияның электронды поштасына хатта енгізілген өзгерістер көрсетіле отырып, жаңартылған түйіндемені жіберу арқылы жаңартылуы қажет
  • Жедел қажеттілік туындаған кезде немесе кадрлық резервті дамыту аясында әңгімелесудің алғашқы кезеңінде жоспарланған қызметтерге орналасу үшін НР-менеджер егер қарастырылатын лауазымдық орын сіздің тәжірибеңіз бен қалауыңызға сай болса, шақырады.