• Тапсырыс беруші: "Рудный цемент зауыты"
  • Жүзеге асыру орны, жылы: Рудный, 2012 жыл
  • ТЭК: тәулігіне 1500 тонна клинкер

РУДНЫЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТӘУЛІГІНЕ 1500 ТОННА КЛИНКЕР ӨНДІРЕТІН ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ

Цемент зауыты Қостанай облысында, Рудный қаласынан 20 км солтүстік-шығыста орналасқан. Цемент зауытының жобасы ИИДМБ аясында жүзеге асуда және ішкі нарықтың импортқа тәуелділігін азайту мақсатында өндірістік қуатты арттыруға бағытталған.

Тармақ шекарасындағы учаскенің алаңы - 30 га. Жалпы өндірістік сипаттама:

  • клинкер бойынша есептік өндірістілік - тәулігіне 1500 тонна
  • цемент бойынша зауыттың есепті қуаты - 511,5 тыс т жылына
  • қуатты пайдаланудың есепті коэффициенты - 85 пайыз
  • электрмен қамтудың есепті қуаты - 9,9 МВт

 

Шикізат ұнтағын дайындауға қажет негізгі шикізат құрамдастары (әктас пен саз) зауытқа темір жол көлігімен жеткізіледі. Жеткізу бойынша жылдық жүк айналымы 767,132 мың тоннаны, жіберу бойынша 409,200 тыс тоннаны құрайды. Автокөлік арқылы жүк айналымы жылына 204,6 тыс тонна.

 

Цемент зауытының құрамында негізгі өндірістің технологиялық нысандары жобаланған:

  • Әктастың қор қоймасы
  • Әктастың орталатқыш қоймасы
  • Шикізат материалдары мен көмірдік қоймасы
  • Әктастың тасымалдау галереясы
  • Жүкті ауыстырып тиейтін торап пен шикізат қоспасын тасымалдау галереясы
  • Көмірді жүкті ауыстырып тиейтін тораппен тасымалдау галереясы
  • Шикізат ұнтағын орталатқыш силос
  • Кіріктірілген ТП бар циклонды жылу алмастырғыш
  • Клинкерді күйдіру пеші
  • Клинкерлік транспортер галереясы бар клинкерлік тоңазытқыш
  • Клинкерді тасымалдау галереясы бар клинкер қоймасы
  • Көмір ұнтағының тұрба құбырлары
  • Цементтің силостық қоймасы
  • Цементті тасымалдау галереясы
  • Компрессорлық
  • Автокөлік таразысы
  • Оттөзімділер қоймасы
  • Басқарудың орталық пульты және зертхана
  • Пеш сканері
  • Жөндеу-механикалық шеберхана
  • Металдың ашық қоймасы
  • Материалдар қоймасы
  • Дизельді электростанция
  •  

Бүшінші таңда зауыт 97 пайызға дайын, Рудный қаласындағы цемент зауытын 2018 жылы іске қосу жоспарланды.