Жобаларды бейімдер дегеніміз барлық құжаттар, түсіндірме жазбалар, схемалар мен материалдарды Қазақстанда жүзеге асыру жағдайында түзету.

Шетелдік жобалық құжаттарды бейімдеу

Жобаларды бейімдер дегеніміз барлық құжаттар, түсіндірме жазбалар, схемалар мен материалдарды Қазақстанда жүзеге асыру жағдайында түзету.

 

Бүгінде көптеген шетелдік компаниялар Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асатын жобалардың инвесторлары және сонымен бірге жобалардың жасақтаушылары болуды. Бірақ шетелдік жобаларды толықтай қазақстандық шынайылыққа ауыстыру мүмкін емес, себебі олар біздің еліміздің заңнамасы мен нормативтік құжаттамаларының талаптарынан біршама ерекшеленетін нормаларға негізделген. сондықтан шетелдік жобалық компаниялар дайындаған жобаларды жүзеге асыру қазақстандық жағдайларға бейімдеусіз мүмкін емес.

 

Шетелдік жобалық құжаттамаларды бейімдеуді реттейтін нормативті құқықтық актілер:

  • "Қазақстан Республикасындағы архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" №242-ІІ ҚР Заңы
  • ҚР 1.02-03-2011 "Құрылыстың жобалық құжаттамасын жасақтау, келістіру, бекіту және құрамының тәртібі" СН

 

Нысан құрылысының шетелдік жобалық құжаттамасын бейімдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нысандардың аталмыш түрін жобалау құқығына берілетін лицензияны бекітілген тәртіппен алған жасақтаушылар жасауы керек.

 

KPSP жобалық институтының түрлі салада нысандардың барлығына дерлік түрлерімен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жобалық қызметті жүзеге асырудың 1 санатты бас лицензиясы, сонымен қатар ауқымды тәжірибесі бар.

 

Нақты бір жерге шетелдік жобаларды тартқан кезде келесі факторларды ескеру керек:

  • рельеф ерекшеліктері
  • топырақтың түрі мен құрамы
  • жерасты суларының тереңдігі
  • климаттық жағдайлар
  • сыртқы инженерлік желілер мен коммуникациялар

ЖОБАЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ БЕЙІМДЕУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРДЫҢ ҚҰРАМЫ

Жобаны бейімдеуге мыналар кіреді:

  • Жобалық құжаттаманың ағылшын-орыс және орысша-ағылшынша аудармасы
  • Шетелдік жобалық құжаттаманың ҚР техникалық нормалары талаптарын сәйкестігіне тексеру
  • Шетелдік жобалық құжаттаманың тексерісі нәтижесі бойынша ұсыныстар беру
  • Шетелдік жобалық құжаттаманы өз бетінше түзету
  • Арнаулы техникалық шарттарды жасақтау
  • Сметалық тарауды жасақтау
  • Шетелдік жобалаушыларды ұйымдастыру-техникалық, консультациялық сүйемелдеу

 

Кейбір жағдайларда жобаның мейлінше терең бейімдеу қажет болады, архитектуралық-дизайнерлік ерекшеліктерді сақтау кезінде тараулардың барлығына дерлігін қайтта өңдеу қажет. Мысалы, бейімдеумен айналысатын жобалық ұйымға қазіргі бар инженерлік инфрақұрылымға алып тасталған географиялық нысанды қосу қиын, немесе құрылыс жүргізілетін жердің географиялық жағдайына сәйкестікті қамтамасыз ету мүмкін болмайды.

 

 

 

KPSP көптеген шетелдік жобалық компаниялармен, сонымен өатар олардың жобаларының технологиялық бөлімдерін жасақтайтын ірі өндірістік компаниялардың жобалық бөлімшелерімен бірге жұмыс жасайды.

ШЕТЕЛДІК ЖОБАЛАУШЫЛАРМЕН БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСТАҒЫ ИНСТИТУТТЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ

Бейімдеуді жасау нәтижесінде Тапсырыс беруші жобалардың Мемлекеттік сараптамасынан өтуге толық дайын жобалық-сметалық құжаттамалардың жиынтығын алады.

 

Үш басты критерий KPSP жобалық институтына өздерінің Тапсырыс берушілеріне шетелдік жобалық сметалық құжаттаманы Қазар Республикасының құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына бейімдеудің жоғары сапасын кепілдендіруге мүмкіндік береді:

  • жобалаудың түрлі тараулары бойынша шетелдік жобалау ұйымдарымен бірлескен жұмыстың бай тәжірибесі (мердігер ретінде)
  • шетелдік жобалаушылардың жобаларын толық бейімдеудың бай тәжірибесі
  • Қазақстан аумағында ірі нысандарды жобалаудың тәжірибесі

 

Жобалау мен құрылыс саласындағы шетелдік серіктестер:

  • The Linde Group (Германия)
  • SICIM S.p.A. (Италия)
  • Engineering Dobersek GmbH (Германия)
  • Foster and Partners (Ұлы Британия)
  • China Machinery Engineering Corporation (Қытай)
  • FAVEA (Чехия)
  • INPROCON International Project Consultants GmbH (Германия)
  • Fluid Solutions (Германия)
  • CDI Corporation (Қытай)
  • «Б. Е. Веденеев ат. ВНИИГ» АҚ (Ресей)
  • «Гипрохлор» АҚ (Ресей)
  • «РИ ВС» ҮЕҰ (Ресей)
  • «Теңіз құрылысы және технологии» ААҚ