• Тапсырыс беруші: "Каспий Цемент" ЖШС (HeidelbergCement)
  • Жүзеге асыру орны, жылы: Маңғыстау облысы, 2015 жыл
  • ТЭК: жылына 800 мың тонна

ШЕТПЕ АУЫЛЫНДАҒЫ ЖЫЛЫНА 800 МЫС ТОННА ЦЕМЕНТ ӨНДІРУ ҚУАТЫ БАР ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ

"Каспий Цемент" цемент зауыты - жұмысында құрғақ борды пайдаланатын алдыңғы және энергия үнемдейтін технологиялар бойынша клинкер өндіретін әлемдегі бірінші зауыттардың бірі.

Зауыт мұнай және газ өнеркәсібі цементтің көп көлемін пайдаланатын Қазақстанның батыс аймағының экономикасында маңызды рөл атқарады. Бұрын цементті көршілес елдерден әкелуге тура келетін. Бүгінде зауыт цементпен Каспий теңізі аймағын, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Түркменстан, ӘЗербайжандағы көрші нарықтарды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жаңа өндірістік алаң Бұқтырма цемент компаниясының зауытындағы салмақты азайтады.

 

Зауыт учаскесі Маңғыстау облысының Шетпе ауылынан 5 км оңтүстікте және Ақтау қаласынан шығысқа қарай 160 км-де орналасқан. Цемент өндірісінің негізгі шикізат базасы - Шетпенің жақын арадағы Оңтүстік және Аусар кен орындарынан жеткізілетін бор мен саз. Жобамен технологиялық үрдістерді автоматтандыру және өндірісті механизациялаудың жоғары деңгейі қарастырылған. 

 

Цемент зауытының жалпы өндірістік сипаттамасы:

  • Учаске алаңы - 75 га
  • Құрылыс алаңы 162795 шаршы метр
  • Өндірістік қуаты - жылына 800 мың тонна, алдағы уақытта толық іске қосылғанда - жылына 2 млн тонна
  • Жеткізу бойынша жылдық жүй айналымы - 1271,1 мың теңге, жіберу бойынша - 590 мыс теңге

 

Көрсетілген жүй айналымын толық қуатында жүзеге асыру үүшін автомобиль көлігі алында. Сонымен қатар үздіксіз логистиканың ұйымдастыру мақсатында Шетпе теміржол станциясы жаңғыртылды. Негізінен цементті жіберу мен қабылдау темір жол арқылы қарастырылған. зауыттан 2 км жерде 110 жұмысшыға арналған заманауи вахталық ауыл пайдалануға берілді.

 

Құрылыстың басты мердігері және құрал жабдықтарды жеткізуші - SINOMA концерніне енетін CDI компаниясы (Қытай). CDI фирмасы қабылдаған шикізат ұнын даярлаудың  және клинкерді күйдіру бойынша құрғақ тәсілі бойынша цемент өндіру технологиясы өндірістік техникалық көрсеткіштерімен қатар, құрал жабдықтардың өндірістілігі бойынша да заманауи әлемдік деңгейге сәйкес келеді. Құрал-жабдықтар қолданыстағы нормативтік құжаттарға сай цементтік түрлі маркаларының өзге де түрлерін өндіруге мүмкіндік береді.

 

Жобаны Қазақстан нарығында 2005 жылдан бері жұмыс істейтін және әлемнің 40-тан астам елінде зауыттары мен кәсіпорындары бар  HeidelbergCement компаниясы жүзеге асырды.  HeidelbergCement ҚР үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы бойынша мемлекеттік бағдарламасының жобалар тізіміне осы жобамен ене отырып, биліктің қолдауына ие болды.