БӨЛІМШЕ:

EURASIA ENGINEERING

& CONSTRUCTION (EEC)

 

 

ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ТОЛЫҚ КЕШЕНІ:

  • технологиялық және инженерлік құрал жабдықтарды жеткізу
  • инженерлік желілердің монтажы
  • іске-қосу-жөндеу жұмыстары
  • техникалық қызмет көрсетуэ

Технологиялық құрал жабдықтарды жеткізу мен монтаждау

 

Мұнай өнеркәсібі құралдарын жеткізу саласында EURASIA ENGINEERING & CONSTRUCTION  коммерциялық және өндірістік саясаты өздерінің менеджментімен үйлестірілетін үлестес зауыттармен жұмыс істейді, бұл ұзақмерзімді бірлескен жұмыс аясында тұрақты және икемді шарттарды кепілдендіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, EURASIA ENGINEERING & CONSTRUCTION технологиялыққұрал жабдықтарды автоматтандыру жүйесі саласында инновациялық технологияларды қолданатын танымал жетекші отандық және шетелдік өндірушілермен жұмыс істейді.

 

Технологиялық құрал жабдықтармен жұмыстарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілері:

  • ҚР ҚНжЕ 3.05-09-2002 "Технологиялық құрал жабдықтар мен технологиялық тұрба құбырлары",
  • ҚР ҚНжЕ 3.05-103-2012 "Технологиялық құрал жабдықтар мен технологиялық тұрба құбырлары".

МҰНАЙ ӨНЕРКӘСІБІ ҚҰРАЛ ЖАБДЫҚТАРЫН ЖЕТКІЗУ

EE&C компаниясы жеткізетін құрал жабдықтар:

 

  • Мұнай өнімдерін магистралды тасымалдау

-   Ілмекті/Тұрба құбыры арматурасы

-   Кері қақпа

-   Шарлы кран

-   Дисктік қақпа

-   Шиберлік ысырма

-   Сыналық ысырмалар

 

  • Мұнай өнімдерін кәсіптік тасымалдау, ТКШ секторы

-   Ілмекті/Тұрба құбыры арматурасы (ысырмалар, қақпалар, клапандар, крандар)

-   Сағалық арматура (фонтандық, қарнақты арматура, бағаналардың сағалы құрал жабдықтары)

 

  • Өнеркәсіптің мұнай газ секторлары

-   Ілмекті/Тұрба құбыры арматурасы (ысырмалар, қақпалар, клапандар, крандар)

-   Сағалық арматура (фонтандық, қарнақты арматура, бағаналардың сағалы құрал жабдықтары)

-   Блоктық құрал жабдықтар

 

Қызмет көрсетудің әрбір саласының арнаулы технологиялық құрал жабдықтары бар. Олар әрекет ету механизмі, басқару, көлемдері, қызметтерімен ерекшеленуі мүмкін.

Технологиялық құрал жабдықтарға қызмет көрсету мен оларды пайдалану құрылғылармен қоса берілетін құжаттарда көрсетілген техникалық нормалар мен ережелерге сай жүргізілуі тиіс.

МОНТАЖДЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ КЕШЕНІ

Eurasia Engineering & Construction технологиялық құралжабдықтарды монтаждау мен іске қосу-жөндеу бойынша қызметтер ұсынады:

 

  • Технологиялық және инженерлік құрал жабдықтарды монтаждау мен орнату 
  • Шефмонтаж
  • Іске қосу-жөндеу жұмыстары
  • Кепілдік және кепілдік мерзімнен кейінгі сервистік қызмет көрсету

 

Технологиялық құрал жабдықтарды монтаждау бойынша жұмыстар дайындаушы зауытының бекітілген ЖСҚ, жұмыстарды атқару жобасы және құжаттамасына сай жасалады. ЖАЖ құрамында жасақталатын құжаттар тізімі:

 

  • монтаждық алаңның құрылысының басты жоспары,
  • монтаждық жұмысты атқарудың күнтізбелік жоспары,
  • құрал жабдықты монтаждауға тапсыру кестесі,
  • құрал жабдықтарты монтаждау мен комплектілі блоктардың схемасы,
  • тех.құрал жабдықтарды монтаждаудың технологиялық карталары,
  • монтаждық құрылғылардың жұмыс сызбалары,
  • дәнекерлеу жұмыстары бойынша ведомостілер,
  • монтаждық жұмыстардың көлемінің ведомості,
  • монтаждық құралдар мен аспаптардың ведомості,
  • уақытша қоректендіретін электр желілерінің схемасы.