Бөлімше::

KPSP LAB.

 

Зерттеу жұмыстарын жүргізуге 1 кластық мемлекеттік лицензия.

 

 

KPSP Lab. Мына салалар бойынша жұмыстардың толық кешенін жүргізеді:

  •  топогеодезиялық зерттеулер,
  • инженерлік-геологиялық зерттеулер,
  • құрылыс конструкцияларының техникалық зерттеуі,
  • құрылыс материалдарын сынау мен сертификаттау.

Топогеодезиялық зерттеулер

Топогеодезиялық жұмыстардың негізі - орналасқан жердің рельефі және гидрографиясы, пайдаланыстағығимараттар мен құрылыстар, жерасты және өзге коммуникациялар туралы ақпараттарды алуға бағытталған инженерлік өлшемдер. Топогеодезиялық зерттеулерді жүргізудің мақсаты - нысанды жобалау, құрылыс және пайдаланудың табиғи және техногендік жағдайларын бағалау.

Әрбір нақты жағдайда әрекет тәртібі  техникалық тапсырма сонымен қатар зерттеулер жүргізілетін орынның физико-географиялық ерекшеліктеріне қарай нақтыланады. Топогеодезиялық зерттеулер рельефтің мүмкін өзгерістерін болжауға және болашақ құрылыс жұмыстарын ашып көрсетуге арналған ұсыныстардың қатарын құруға мүмкіндік береді.

 

Топогеодезиялық зерттеулердің құрылыстан бұрын, сонымен қатар барлық жұмыстар аяқталған соң да жүргізіледі:

  • нысан құрылысы кезінде өлшемдер мен өзге шамалардың сәйкестігінің бақылауы жүзеге асырылады,
  • Құрылыс аяқталған соң топографиялық суретке түсіру нысанды қазіргі уақыт пен жобамен салыстыра отырып, ауытқуларды анықтауға мүмкіндік береді.

 

KPSP Lab. Компаниясы кез келген күрделі және көлемді топогеодезиялық жұмыстар кешенін орындайды:

  • Түрлі типті зауыттар
  • ЖЭЦ
  • Паром кешендері
  •  Темір жол кешендері және т.б.

ТОПОГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР ҚҰРАМЫ

  • Бастапқы мәліметтерді жинау
  • Рельефтің топографиясының ерекшеліктерін зерттеу
  • Орынды топографиялық-геодезиялық суретке түсіру
  • Жерасты және жерүсті коммуникацияларды іздеу
  • Сейсмологиялық өзгерістерге даярлау
  • Жоспарлы-биіктік негіздемені жасақтау
  • Топографиялық жоспарлар немесе геотүпнегізін құру және жаңарту
  • Жергілікті орынның сандық моделін жасау
  • Техникалық қорытындыны даярлау

 

Өзге желілік нысандарымен қиылысу орындарында геодезиялық суретке түсіру мейлінше мұқият жасалады (темір жол жолдары, автожолдары, тұрба құбырлары, байланыс желілері және электр тарату желілері).

 

Далалықжәне зертханалық жұмыстардың барлық түрлерін Қазақстанның түрлі аймақтарында орналасқан өндірістік нысандарда жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар жүргізеді.

ТОПОГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІ

Топогеодезиялық жұмыстардың қорытынды кезеңі KPSP Lab. Мамандарына жергілікті орынды жоспарлау мен құрылыс жүргізуге арналған оның айқын картографиялық  суретін алуға мүмкіндік береін дайын инженерлік-топографиялық жоспарды қалыптастырудан тұрады. соңынан ол ғимараттар мен құрылыстарды жобадан нақты нысанға ауыстыруда пайдаланылады.

 

Орындалған топогеодезиялық зерттеулер нәтижесінде келесі ақпараттар ұсынылған  техникалық есеп ұсынылады:

 

  • өлшеу құралдары туралы далалық жұмыстар басталғанға дейін орындалған метрологиялық тексеру (калибрлеу) туралы мәліметтер,
  • пункттер мен реперлерді орналастыру карточкалары,
  • геодезиялық желілердің координаттары мен биіктігінің каталогтары,
  • нысанның негізінің отыруы мен өзгерістерін геодезиялық бақылау нәтижелерінің ведомості,
  • инженелік коммуникация желілерінің ведомості,
  • ұзақмерзімге бекітілген геодезиялық пункттерді тапсыру акті,
  • далалық бақылау және жұмысты қабылдау акті.

 

Топогеодезиялық зерттеулер есебіне барлық инженерлік желілер және кестелік, сандық форматтағы белгілеулері бар топографиялық жоспарлар қосылады.