KPSP компаниясының мамандары қалаішілік пен қатар кез келген көлемдегі қала сыртындағы желілік нысандарды жобалайды:

  • Көліктік коммуникациялар (темір жол және автомобиль жолдары, трамвай жолдары, троллейбус линиялары)
  • Электр тарату желілері
  • Байланыс желілері
  • Тұрба құбырлары
  • Кәріз коллекторлары
  • Су таратқыш және су құбырлары
  • Газ құбырлары
  • Мұнай құбырлары
  • Көпір өткелдері

Желілік құрылыстарды жобалау

 

Қала инфрақұрылымы, сонымен қатар өнеркәсіптік аумақтың дамуы желілік құрылысты жобалау мәселелерін шешуді талап етеді. Мұндай жобалаудың мақсаты - қоршаған ортаға мейлінше аз әсер ететін, жақын маңыздағы жерлер мен ландшафтының ерекшеліктерін ескеретін желілік нысанды орналастырудың оңтайлы стратегиясын таңдау.

 

* Желілік құрылыстар - жерүсті, жербеті, жерасты немесе суасты тәсілдермен орындалған инженерлік-техникалық қамтамасыз ету жүйелері, байланыстың желілік-кабельдің құрылғылары.

     

    Желілік құрылысты жобалау бойынша жұмыстар нысанды орналастыру маршрутын, нысанның өткізгіштік қабілетін, қоршаған ортаның элементтерімен үйлесімділігін ескере отырып атқарылады.

    ЖЕЛІЛІК ҚҰРЫЛЫСТАРДЫҢ КЕШЕНДІ ЖОБАЛАРЫН ЖАСАҚТАУ

    Желілік нысандардың құрылысының жобасына мыналар енеді:

    • нысанның төлқұжаты
    • жалпы түсініктеме жазба
    • трассаның жоспары (жағдаяттық схема)
    • құрылыс шешімдері
    • қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша инженерлік-техникалық шаралар
    • құрылысты ұйымдастыру жобасы
    • қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар
    • сметалық құжаттар
    • инвестициялардың тиімділігі мен техникалық экономикалық көрсеткіштер
    • негізгі құрылыс материалдарына мұқтаждықтың жиынтық ведомосі
    • негізгі сызбалар

     

      ЖЕЛІЛІК ҚҰРЫЛЫСТАРДЫ ЖОБАЛАУ ТӘЖІРИБЕСІ

      KPSP жобалық институты жобалаған бірқатар желілік нысандардың үлгілері:

       

      • Құрық кемежайындағы автомобиль жолын қайта жасау, Маңғыстау обл.

      Тапсырыс беруші: "Корпус-Премиум" ЖШС, 2017 жыл

       

      • Тұрғын үй кешендерінің жылумен қамтуын тарату желілерінің құрылыс: ТЭЦ-3-тен жылу трассасын жобалау, Қарағанды қ.

      Тапсырыс беруші: "Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі" 2017 жыл

       

      • Құрық кемежайындағы паром кешені: т/ж жобалау, ЭТЖ, байланыстың талшықты-оптикалық желілері (БТОЖ), байланыстың сыртқы желілері (БСЖ), Маңғыстау облысы

      Тапсырыс беруші: "Қазақстан Темір жолы" ҰК" АҚ, 2016 жыл

       

      • "Центральный-2" көмір разрезінің т/ж кешені: кірме қосатын жолдарды жобалау, ішкі жолдық дамытуымен өнеркәсіптік станцияны жобалау. Қарағанды обл.

      Тапсырыс беруші: "Арбат БК" ЖШС, 2015 жыл

       

      • Карьерная-5 және Пост Соединительный станцияларындағы т/ж аралығын жобалау; Маңғыстау обл.

      Тапсырыс беруші: "Өркен ЖШС, 2014 жыл

       

      • Бурабай көлі аймағындағы Байтау нысанындағы кәріз жүйесінің желілері мен ғимараттары: өздігімен ағатын және арынды тұрба құбырларын жобалау, Ақмола облысы

      Тапсырыс беруші: "Горняки Прииртышья" ЖШС, 2013 жыл

       

      • Астана-Щучинск автотрассасының автомобильдік жолын қайта жасау, Ақмола обл.

      Тапсырыс беруші: "Бурабай ауданының ТКШ, жолаушы, көлік және автомобиль жолдарының бөлімі" ММ, 2012 жыл

       

      • Темір жол желісі және автомобиль жолдарының учаскелерін қайта жасау, Ақтау қ.

      Тапсырыс беруші: "АСТАНА инженерлік орталық" ЖШС, 2010 жыл