KPSP жобалық институтының мамандары Тапсырыс берушіге жобаалды жұмыстар кезінде консалтингтік қолдау, қажет бастапқы-рұқсат құжаттамаларды рәсімдеу бойынша қызметтер, бастапқы мәліметтерді жинақтау және қажет инженерлік зерттеулерді жүргізу бойынша қызметтер көрсетеді.

Жобалауға арналған бастапқы мәліметтерді жинақтау. Техникалық-экономикалық негіздеме

 

KPSP жобалық институтының мамандары Тапсырыс берушіге жобаалды жұмыстар кезінде консалтингтік қолдау, қажет бастапқы-рұқсат құжаттамаларды рәсімдеу бойынша қызметтер, бастапқы мәліметтерді жинақтау және қажет инженерлік зерттеулерді жүргізу бойынша қызметтер көрсетеді.

 

Жобалық жұмыстарды жүргізуге негіз болып міндетті түрде жобалауға берілген тапсырмамен бірге жасалатын Тапсырыс беруші мен жобалық ұйым арасындағы келісім шарт саналады. Жобалауға берілген тапсырмада Тапсырыс беруші мен қалалық қызметтердің талаптарының тізімі, сонымен қатар бастапқы рұқсат беру құжаттамасының (БРҚ) шарттары болуы керек.

 

Бастапқы рұқсат беру құжаттамасын жинау мен рәсімдеу әдетте техникалық тапсырыс берушіге тапсырылады. БРҚ бірқатар үрдістердің негізінде келістіріледі, солардың ішінде алдағы құрылыстың жағдайын анықтауға мүмкіндік беретін инженерлік-геологиялық зерттеулер мен топографиялық түсірілім маңызды болып табылады. Нысанның құрылысын бастау туралы шешім ҚР уәкілетті органдарының: архитектура, қала құрылысы мен құрылыс ісі бойынша, жер қатынастары бойынша, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер, мемлекеттік өрт бақылау және өзге де мекемелердің комиссияларының жер учаскесін бөлу және нысанды инженерлік қамтамасыз ету шарттарын анықтайтын шешімдеріне сай қабылданады.

 

Барлық бастапқы мәліметтерді дайындау үшін Тапсырыс берушіге ауқымды жоба алды жұмыстарын жүргізу қажет:

  • жобаның бизнес-жоспары (жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі)
  • жер учаскесін бөлу мен барлық қажет техинкалық шарттарды алу
  • алаңда/ трассадағы инженерлік зерттеулер
  • нысанның ерекшелігіне байланысты өзге де шаралар

 

Институттың инженерлері жобаалды жұмыстардың барлығын орындап, Тапсырыс берушінің орнына егер осындай шарт келісімде қарастырылған болса, кешенді жоба аясында барлық қажет бастапқы мәліметтерді дайындайды.

ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ЖОБАЛАУҒА АРНАЛҒАН БАСТАПҚЫ МӘЛІМЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ

Бастапқы мәліметтердің тізімі әрбір нақты жағдайда дербес анықталады және құрылыс учаскесінің орналасу ерекшелігі мен нысанның ерекшелігіне тәуелді болады.

  • Келісімшарт негізінде жобалық құжатты даярлаған жағдайдағы жобалауға берілетін тапсырма
  • Техникалық-экономикалық есептер
  • Техникалық-экономикалық негіздеме
  • Құрылыс жүргізілетін алаң/трассаны таңдау
  • Құрылысқа арналған жер учаскесінің бөлінуі бойынша құжаттар
  • Инженерлік ізденістердің нәтижесі бойынша есеп құжаттамасы
  • Инженерлік коммуникацияларға қосылу және автомобиль және темір жол жолдарына қосылуға техникалық шарттарды алуға арналған құжаттар
  • Реконструкция жобаларына арналған ғимараттар мен құрылыстардың техникалық зерттеуі
  • Нысанға берілетін құқық белгілеуші құжаттар (реконструкция немесе күрделі жөндеу жүргізілген жағдайда)
  • Нысанның қолданыстан шыққандығы немесе жойылғандығы туралы нысан иесінің актілері (бұзу қажет болғанда)
  • Бар нысандар бойынша өлшем сызбалары
  • Нысанның қызметтік мақсаты туралы мәліметтер
  • Нысанның жанармай, газ, су, су тарту, элект энергиясына мұқтаждығы туралы мәліметтер
  • Нысанның бұзылуы, адамдарды көшіру, желілерді ауыстырумен байланысты болжалды шығындар туралы мәліметтер (қажет болған жағдайда)
  • Нысанның жобалық қуаты туралы мәліметтер (өнеркәсіптік мақсаттағы нысандар үшін)
  • Жобада өнертабыстарды пайдалану, өткізілген патенттік зерттеулердің нәтижесі туралы мәліметтер
  • Нысанға жобаланатын кірме жолдар көрсетілген жобаланатын нысандардың орналасу схемасы
  • Көпшілік сервитуттардың аумағы мен шекарасын анықтау (болған жағдайда)

 

Бастапқы рұқсат беру құжаттамасының жиынтығына мыналар кіреді:

  • Жер учаскесін бөлу туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімі
  • Архитектуралық-жоспарлау тапсырмасы
  • Нысанды техникалық зерттеу нәтижесі бойынша ақау актілері
  • Инженерлік зерттеулер материалдары
  • Трассалардың схемалары бар техникалық шарттар
  • Эскизді жоба
  • Күрделі жөндеудің жобасын жасақтауға берілген тапсырма
  • Экологиялық сараптамаға ұсынылатын құжаттама, сонымен қатар өндірістік нысандардың өнеркәсіптік қауіпсіздігі бағытындағы сараптама
  • Уәкілетті органдардың келісімі

"Құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесін жасақтау, келістіру, бекіту және құрамының Ережелері" 1.02-21-2007 ҚР ЕЖ сай мына жағдайларды ТЭН жасақтау қажет емес:

  • егер аймақтың қала құрылыс құжаттамаларымен құрылыстың мақсаттылығы мен оның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері анықталған жағдайда, қайтарымсыз негізде қаржыландырылатын құрылыс нысандарын жобалауда
  • құрылысы сәйкес мемлекеттік бағдарламалар аясында қолданған типтік жобалар бойынша салынатын техникалық тұрғыда күрделі емес жобаларды жүзеге асыруда

ЖОБАНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ

Техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) - жобаның мақсаттылығы мен тиімділігін анықтауға мүмкіндік беретін негізгі техникалық және ұйымдастыру шешімдері, есеп-сметалық, бағалау және өзге де көрсеткіштерден тұратын жобаалды құдат. Техникалық-экономикалық негіздеменің мақсаты (ТЭН) - құрылыс жобасын жүзеге асырудың мақсаттылығын дәлелдеу және инвестиция жасайтын ұйымның салымдарының қаншалықты тиімді болатынын көрсету.

 

ТЭН-нің бөлек пункттарының құрылымдары мен мазмұнын алынатын нәтижелердің дұрыстығы мен дәлдігіне жауап беретін жасақтаушы анықтайды.

 

ТЭН құрамына келесі тараулар кіреді:

  • Нысан туралы жалпы мәліметтер
  • Күрделі шығындар
  • Эксплуатациялық шығындар
  • Өндірістік бағдарлама
  • Жобалық-конструкторлық құжаттама
  • Еңбек ресурстары
  • Жобаны қаржыландыру
  • Жобаны жүзеге асырудың жоспар-кестесі
  • Жобаны жүзеге асырудың коммерциялық мақсаттылығын бағалау

 

KPSP жобалық институтының мамандары келесі нысандардың ТЭН-н жасады:

 

  • "Құрық кемежайындағы паром кешені: темір жол құрамдасы" жобасының ТЭН-н түзету, Маңғыстау обл.

Тапсырыс беруші: "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ, 2016 жыл

 

  • Кондитер фабрикасының өндірістік қуатын арттыру, Қарағанды қ.

Тапсырыс беруші: "Конфеты Қарағанды" АҚ, 2016 жыл

 

  • Сұйытылған табиғи газ зауыты, Тараз қ.

Тапсырыс беруші: "АстанатрансОйл" және «CIMC Enric»ЖШС, 2015 жыл

 

  • "Алайғыр" полиметалл рудаларының тау кен байыту комбинаты, Қарағанды обл.

Тапсырыс беруші: "Тау-кен Самұрық" АҚ, 2014 жыл

 

  • Николаев байыту фабрикасының өндірістілігін арттыру бойынша негізгі техникалық шешімдер, Шығыс Қазақстан обл.

Тапсырыс беруші: "Корпорация Қазақмыс" ЖШС (ЖАҚ "РИВС-Проект") 2013 жыл

 

  • Жөндеу-механикалық зауыт: құю цехын реконструкциялау, Рудный қ.

Тапсырыс беруші: "ССГПО" АҚ, 2013 жыл

 

  • "Богатырь" қимасындағы құрал жабдықтарды таңдау бойынша ТЭН, Екібастұз қ.

Тапсырыс беруші: "Хэтч Инжиниринг және Консалтинг" ААҚ, 2012 жыл

 

  • Жайрем ауылындағы сумен қамту және кәріз желілерін реконструкциялау, Қарағанды обл.

Тапсырыс беруші: "Қазмырыш" ЖШС (Engineering Dobersek GmbH), 2006 жыл