• Тапсырыс беруші: "Лукойл Лубрикантс Орталық Азия" ЖШС
  • Жүзеге асыру орны, жылы: Алматы, 2015 жыл
  • ТЭК: жылына 100 мың тонна қуаты

ЖЫЛЫНА 100 МЫҢ ТОННА ЖАҒАРМАЙ МАТЕРИАЛДАРЫН ӨНДІРЕТІН ЛУКОЙЛ ЛУБРИКАНТС ЗАУЫТЫ

Орталық азия аймағындағы нарықтарда ұлғайған жағармай материалдарына қажеттілікті қанағаттандыру үшін "Лукойл Лубрикантс Орталық Азия" ЖШС жаңа кәсіпорын - Алматы қаласындағы "Жағармай материалдарын өндіру зауытын" ашуға бел шешті.

Дайын құрамдастардан майларды өндіру бойынша жағармай материалдары зауытының құрылысы 2016 жылы басталды. Бастапқыда іске қосу 2018 жылға жоспарланса, соңынан мердігердің ауысуына байланысты Лукойл зауытты іске қосу уақытын 2019 жылдың 2-тоқсанына ауыстырды.

 

Зауыттың құрылысына арналған учаске Алматы облысының Іле ауданының Байсерке ауылында орналасқан. Құрылыс учаскесінің алаңы - 50,2 га, жобалаудың шартты шекарасындағы алаң - 10,8954 га. Зауыттың жоспарлы қуаты жылына 100 мың тоннаны құрайды, алдағы уақытта өндірісті жылына 130 мың т. дейін ұлғайту мүмкіндігі бар.

 

Зауыттың толыққанды жұмыс істеуі үшін жобада мына құрылыстар қарастырылған:

  • Әкімшілік корпус
  • Өндірістік корпус
  • Жылу қазандығы
  • Базалық майдың резервуар паркі
  • Ағызу-құю эстакадалары
  • Тазарту құрылғыларының кешені
  • Сорғы станциясы
  • Сумен қамтуға арналған бұрғылар

 

Жобада технологиялық үрдісті автоматтандыру мен өндірісті механизациялаудың жоғары деңгейі қарастырылған. Негізгі технологиялық құрал жабдықтарды, өндірістік үрдістерді бақылау және басқару жүйелерін жеткізумен "Лукойл Лубрикантс Орталық Азия" ЖШС -мен контрактыда қарастырылған барлық техникалық кепілдіктерді сақтай отырып, Fluid Solutions (Германия) компаниясы айналысады. Fluid Solutions қабылдаған жағармайды өндіру технологиясы өндірістің техникалық көрсеткіштері бойынша да, құрал жабдықтардың өндірістірілігі бойынша да заманауи әлемдік деңгейге сай келеді.

 

"Лукойл Лубрикантс Орталық Азия" ЖШС 2013 жылы құрылды және Жағармай материалдардың Ресей нарығындағы көшбасшысы "ЛЛК-Интернешнл" ААҚ 100 пайыз еншілес кәсіпорны болып табылады. Компания салалық ғылым және майлар мен қоспаларды өндірудің алдыңғы қатарлы технологияларын дамытуға аса назар аударады. Лукойл Лубрикантс май мен жағармай саудасын 100-ден астам елде жүзеге асырады. Өндіріс Ресей, Белоруссия, Австрия, Финляндя, Румыния және Турцияда 7 жеке өндірістік алаңда, 2 бірлескен кәсіпорында және 24 тартылған зауыттарда орындалады.