• Тапсырыс беруші: Orda Glass Ltd ("Бәйтерек" Ұлттық басқару холдингі)
  • Жүзеге асыру орны: Қызылорда, 2016 жыл
  • ТЭК: жылына 197,1 мың тонна қуаты

ЖЫЛЫНА 197100 ТОННА ӨНДІРЕТІН ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШЫНЫ ЗАУЫТЫ

Парақтық шыны зауытының құрылысы - Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы маңызды жобалардың бірі. Шыны зауыты аймақтағы экономикалық белсенділікті ынталандыратын  қуатты фактор болмақ. Ол тек өңдеу өнеркәсібіне ғана емес, сонымен қатар медициналық, автокөліктік және өзге де өнеркәсіптер саласына оң әсер етеді.

Парақтық шыныны өндіру бойынша зауыттың құрылысының жобасын жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстан бүгінде толығымен шет елдерден тасымалданатын импорттық құрылыс материалдарына тәуелділіктен арылады. Зауыттың басқармасының жоспарларына сай шығарылатын өнімнің 70 пайызы ішк нарықты қамтамасыз етсе, 30 пайызы - ЕАЭО пен Орталық Азияға экспортқа шығарылады.

 

Зауыттың Қызылордада орналасуының артықшылығы болып осындағы шыны өндірісіне қажет негізгі шикізат өнімдерінің - жоғары сапалы кварц құмы, доломит пен әктастың ауқымды қоры табылады. Парақтық шынымен бірге зауыт озық технологиялар бойынша ламинатталған, оқшауландырғыш, шыңдалған және қуат үнемдегіш шыны, айна және шыны пакеттерін шығарады.

 

Жобалаған алаңқай Қызылорданың солтүстік бөлігінде, Титов ауылынан солтүстік-батысқа қарай 3 км жерде, темір жол бойында орналасқан. Өндірістік қуаты жылына 197,1 мың тонна немесе тәулігіне 600 тонна шыны.

 

Жобаланған шыны зауытының құрамына келесі нысандар кіреді:

  • балқыту бөлімшесі
  • қорамалау бөлімшесі
  • суытып қатайту бөлімі және кесу учаскесі
  • әкімшілік-тұрмыстық корпус
  • дайын өнім қоймасы

 

Дайын өнім қоймасында дайын парақтық шыны уақытша сақталады. Дайын өнімді тиеу "джамбо" өлшемді шыны пирамидаларын тасымалдауға арналған жартылай вагондарды, еврофураларда және арнаулы көліктерде жүзеге асырылады. Дайын өнімді автокөліктерге тиеуді жүзеге асыру үшін жобада көпірлі кран қарастырылған.

 

Парақтық шыныны жөнелту бойынша жүк айналымы тәулігіне 80 мың т. Құрайды. Жеткізу бойынша жүкайналым - 235,710 мың т.соның ішінде:

  • кварц құмы - 134 000 т
  • кальций қосылған сода - 42 000 т
  • әктас - 8 400 т
  • доломит – 40 500 т
  • дала шпаты - 8 800 т
  • натрий сульфаты - 1750 т
  • көмір ұнтағы - 60 т
  • қорғасын - 200 т

 

Жоба операторы - шыны зауытының құрылысын жүзеге асыру мақсатында  2015 жылдың ақпанында құрылған «Orda Glass Ltd» компаниясы. Жоба зауыттың құрылысына берілген қарыз қаражаты түрінде "Бәйтерек" Холдингінің еншілес құрылымдары - "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ және "Қазақстанның даму Банкі" АҚ-ынан ауқымды жан жақты қолдауға ие болды. Сонымен қатар "Бәйтерек" холдингі жобаға стратегиялық серіктес - парақтық шыныны өндіруді басқаруда тәжірибесі мол және осы салада технологиялық шешімдерді ұсына алатын «StewartEngineers, Inc» американдық компаниясын тартты. Сонымен бірге американдық серіктес кәсіпорынның жобаға қатысуда 20 пайыз үлесі бар құрылтайшысы атанды.